Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Ғ. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, әкесіне былапыт сөздер айтып, мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, жанұя шырқын бұзып, мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.

Бұған дейін 30 маусым 2025 жылы осы тектес әрекеті үшін оған әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылса да, еш нәтиже шығармай, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде құқық бұзушылықты қайталап жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Ғ. өз кінәсін мойындап, алдағы уақытта қайталамайтынын көрсеткен.

Ғ-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелін тапқан.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушы Ғ. кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған