Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 283-1-бабы 5-бөлігі бойынша Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Жеке кәсіпкер Б. азық-түлік дүкенінде тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарынсыз барлығы 841 литр болатын 1417 дана алкоголь өнімдерін сақтаған.

Осы құқық бұзушылық салық органы тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған.

Сотта Б. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісіп, алкоголь өнімдерін ілеспе жүк құжаттарынсыз сақтағанын растады.

Сот қаулысымен Б. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын 1417 дана алкоголь өнімдері мемлекет кірісіне тәркілене отырып, Б.-ға 137620 теңге айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған