Өткен оқу жылында мектептерде 184 924 оқушы білім мен тәрбие алды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп, Қызылорда қаласының Арай мөлтек ауданындағы 1500 орындық мектеп, Қызылжарма мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп, Қызылорда қаласының СПМК-70  шағын ауданында 1500 орындық “Келешек” мектебі пайдалануға беріледі.

Биылғы жылы 6 мектепке 2,2 млрд.теңге қаржыға Қызылорда қаласындағы №9, №15, Аралдағы №14, Қазалыдағы №234, Сырдариядағы №137, Шиелідегі №219 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Күрделі жөндеуден бөлек 56 мектепке 1,6 млрд. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Арал ауданынан 5, Қазалыдан 8, Қармақшыдан 8, Жалағаштан 9, Сырдариядан 7, Жаңақорғаннан 2, Қызылорда қаласынан 17 мектеп бар.

Жұмыс түрлері бойынша спорт алаңдары мен спорт залдарының ағымдағы жөндеуіне 37 мектепке 668,3 млн. теңге, 3 мектептің жылу жүйесін жаңалауға 25,9 млн. теңге, 4 мектептің шатырын жөндеуге 97,9 млн. теңге, 5 мектептің кәріз жүйесін жөндеуге 24,2 млн. теңге, ғимаратты әрлеу,сылау және фасадын қаптау бойынша 35 мектепке  792,4 млн. теңге бөлінген.

• Ағымдағы жылдың 1 тамы­зы­нан бастап Қызылорда қаласын­дағы 206 балабақша, оның ішінде 28 мемлекеттік, 3 шағын орталық, 175 жекеменшік балабақша ваучерлік қаржыландыруға көшірілген. 2 370 балаға ваучер берілген.

• Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 2 – 6 жас аралығында 2 660 бала балабақша кезегінде тұр. Бұл балалар алдағы уақытта балабақшамен қамтылатын болады.

• Аудан орталықтары мен елді­мекендердегі мектепке дейінгі ұйымдар ваучерлік қаржылан­дыруға ағымдағы жылдың желтоқ­сан айында көшірілетін болады.

• Жаңа оқу жылында 1-11 сы­нып­тағы оқушылар саны 189 288-ді құрап, өткен оқу жылымен салыс­тырғанда 4 364 балаға артық.

• Биылғы жылы 1 сыныпқа 17 423 бала қабылданады.

• Құжат қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

• Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы №174 бұйрығына сәйкес, сабақ процесі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталады.

• 1-ші қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты шара мектеп қабырғасында «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында 1 және 11 сынып оқушылары, ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің қатысуымен өтеді.

Барлық білім беру ұйымдары толықтай қауіпсіздік жүйелерімен қамтылған.

Қала, аудан орталықтарындағы білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелері жедел басқару орталығына қосылған. 

Ағымдағы жылы көмекке мұқтаж отбасыларынан шыққан 43 726 бала, оның ішінде 41 716 бала мемлекеттік мектептерде, 2010 бала жеке мектептерде, алғашқы есеп бойынша Қызылорда қаласынан 1 600, Жаңақорғаннан  273, Шиеліден 137 бала есепке алынған. Мектептердегі бір балаға бір реттік қаржылай көмек мөлшері 46 228 теңге болып отыр.

2025 жылы міндетті оқу қорына 5,7 млрд. теңге қаралып, оның ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы жекелеген санаттағы оқушыларға қаржылай және материалдық көмек беру үшін 1,8 млрд. теңгеге көмек көрсетіледі.

Облыста 300 мемлекеттік мектепте, оның ішінде 8 мектеп-интернаттарды қосқанда ыстық тамақ ұйымдастырылады. Асханасы жоқ Шиелі ауданындағы № 151 мектепте буфеттік тамақтану ұйымдастырылады.

2025 жылы ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 9 млрд. 312 млн. теңге бөлінді.

2024 – 2025 оқу жылында тегін тамақпен 88 168 бала қамтылуда, оның 63 256-ы бастауыш сынып оқушылары, 5 – 11 сынып аралығындағы әлеуметтік осал топтан 24 912 оқушы бар.

Орташа тамақтану құны 620 теңге болып отыр.  Мектептерде тамақ­тандыруды 61 кәсіпкер жүзеге асырады.

Облыста оқушы мен қызметкер саны 700-ден асатын және қала, аудан орталығында орналасқан 129 мектепке аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК) орнатылған.

АБК орнатылған 129 мектепте бір реттік тамақтану әлеуметтік әмиян арқылы ұйымдастырылады.

Оқушы мен қызметкер саны 700-ден аз, ауылдық аймақта орналасқан 163 мектепте тамақтану «Бизнес әмиян»(face id)арқылы жүргізіледі. 

Қазіргі таңда АБК орнату және «Әлеуметтік әмиянмен» интеграциялау толықтай орындалған.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша2025 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған