Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігімен азаматша М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азаматша М. Әйтеке би кентінде орналасқан бұрынғы күйеуінің үйіне жақын жерде жүріп, оның үйіне келіп, мазасын алып, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған.
Сот отырысында М. кінәсін толығымен мойындап, полиция органдарымен қолданған қорғау нұсқамасы талаптарын бұзғанына шын жүректен өкінетінін білдірді.
ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу – он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Азаматша М.-ның әрекеті, іс-құжаттарына тіркелген полиция қызметкерінің баянатымен, жәбірленушінің арызымен, түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелін тапты.
Қазалы аудандық сотымен азаматша М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Қазалы аудандық соты