2024 жылы жауапкер Б. өзінің басқаруындағы автокөлікпен қозғалыс жасап келе жатып, талап қоюшы Н. басқаруындағы автокөлікке соғып, оған материалдық зиян келтірілген.
Жол-көлік оқиғасына байланысты сот ұйғарымымен автокөлікті жөндеп, қайта қалпына келтіру құнын анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалған.
«Сот сараптамалары орталығы» РМҚК филиалы Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институтының қорытындысына сәйкес автокөлікті қалпына келтіру құны 6 000 000 теңгені құраған.
Сонымен қатар, сот отырысы барысында және іс-құжаттарына қарағанда жоғарыда көрсетілген мән-жайлар және тараптармен ұсынылған дәлелді құжаттар бойынша орын алған жол-көлік оқиғасы нәтижесінде талап қоюшыға материалдық шығын келтірілгенін дәлелдейді.
АК-нің 917-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.
Талап қоюшы Н. материалдық шығынды өндіру туралы талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, талап қоюшы Н. пайдасына жауапкер Б.-дан келтірілген материалдық шығын және мемлекеттік баж алымын, сот шығындарын өндіру туралы сот шешімі шығарылды.
Қызылорда қалалық соты