Бүгін Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылдың 12 айында атқарған жұмыс қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Шараға облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьялары Ш.Маликова, К.Қаниева, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева, судья А. Сәрсенбаев және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық соттың судьясы Ш.Маликова әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылы атқарған жұмыс қорытындыларына тоқталып, бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті.
Облыстық соттың судьясы К.Қаниева әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктеріне тоқталып, сот тәжірибесімен бөлісті.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева 2024 жылдың 12 айында барлығы 1198 әкімшілік іс аяқталғанын, оның ішінде 261 іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап көрсетті.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарына сай, әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады.
Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.
Шара соңында спикерлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі