Кассациялық сот институтын енгізу ұсынысы қоғамның үлкен қызығушылығын тудырып отыр.

Кассациялық сот жүйесі әділдікке деген сенімді арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.

Кассациялық сот-жоғары сот инстанциясы, оның негізгі міндеті – сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.  Кассациялық сот – сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі.

Кассациялық сот құру туралы ұсыныс қоғам тарапынан қолдау тауып отыр. Кассациялық соттың құрылуы арқылы азаматтар өз істерінің әділдікке  жететініні  сенімді болады.

Кассациялық сот құру қоғамның әділдікке деген талабын қанағаттандырып қана қоймай, сот жүйесін одан әрі жетілдіруге, құқықтық мәдениетті дамытуға бастау алады. Бұл реформа Қазақстанда сот жүйесін халықаралық стандартқа сай жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылмақ.

Сот тәжірибесіндегі әртүрлі түсініктемелер мен қайшылықтардан аулақ болу үшін кассациялық сот заңды дұрыс түсіндіру және қолдану жөнінде бағыт береді, сот шешімдеріндегі заң нормаларының сақталуын тексеруге баса назар аударады.

Егер сот шешімдері заңсыз немесе негізсіз қабылданған жағдайда, кассациялық соттың араласуы арқылы азаматтардың құқықтары қалпына келтіріледі. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда кассациялық сот заң бұзушылықтарды түзетеді.

Кассациялық сот құқықтық жүйенің дамуына ықпал етіп, заңдарды тиімді қолдануға жол ашады.

Г.Каликова

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің басшысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған