Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған С.-ның қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушы С. көше бойымен келе жатқанында асхана алдында тұрған автокөліктің ашық тұрған терезесінен «Iphon 14» үлгісіндегі ұялы телефонды көріп, оны ұрлау ниетін іске асыру мақсатында автокөлікке заңсыз кіріп, жәбірленуші Б.-ға тиісілі ұялы телефонын жасырын жымқырып, соңғыға 570 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен С. ҚР-ның Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3)- тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Қызылорда қаласының №2 соты