Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша Л.-ға қатысты іс қаралды.   

Азаматша Л.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы Д. 18.10.2024 жылы сағат 07:00 шамасында тұрғылықты мекен жайынан шығып кетіп, 24.10.2024 жылы Түркістан қаласынан табылған. Азаматша Л. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлының қаңғыбастықпен айналысуына алып келген іс-әрекетке жол берген.   

Азаматша Л. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігінде ата-ананың кәмелетке толмаған адамның қаңғыбастықпен айналысуына алып келген іс-әрекеті үшін әкімшілік жаза көзделген.  

Сот қаулысына сай азаматша Л. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51688 теңге көлемінде айыппұл салынды.   

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған