Азаматша Д. сағат 18:20 шамасында Қызылорда қаласындағы №1 үй ауласында, яғни қоғамдық орында сексуалдық сипатта қызмет көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдірген және осы әрекеттерді бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сот отырысында азаматша Д. өз кінәсін мойындайтынын, алдағы уақытта қайталанбайтынын айтып көрсетті.
Құқық бұзушының әрекеті полиция қызметкерінің баянатымен, фотосуреттермен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, түсінігімен дәлелденіп бекітілді.
ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін көзделген.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты