Талап қоюшы мен жауапкер арасында тіркелген неке 2024 жылы сот шешімімен бұзылған. Неке бұзылғаннан кейін әйелі ортақ мүлікті бөлу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.  

Сотта анықталғандай, бірге тұрған уақыттарда 2 қабатты коттедж тұрғын үйді бірлесіп салған. 2014 жылы тиісті уәкілетті органда талап қоюшының күйеуінің атына тұрғын үйге меншік құқығы тіркелген. Алайда, құжаттарда тараптардың үлестері анықталмаған.

Тұрғын үй тараптар заңды некеде болған кезде салынған. Бұл жағдайда даулы үй тараптардың ортақ, бірлескен меншігі болып табылады.
Жылжымайтын мүлікке тараптардың үлестерін анықтау үшін құрылыстық-тауарлық сараптамасы тағайындалған. Сараптама қорытындысына сай, жылжымайтын мүліктің нарықтағы құны 14 500 000 теңге деп бағаланған.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беріп, медиацияны судьяның өзі өткізуін сұраған.

Жауапкер талап қоюшымен татуласып,7 000 000 теңге берешегін 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап әр жылдың 14 қарашасына дейін жыл сайын 500 000 теңгеден төлеп құтылатын болып, ал талап қоюшы талап қоюынан бас тартатын болып келіскен.

         Сот, Қазақастан Республикасының азаматтық процестік кодексінің 277-бабы 6-тармақшасына сәйкес, тараптардың дауды  медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін  бекітіп, жауапкерге 7000000 теңгені жыл сайын талап қоюшыға 500000 теңгеден төлеп құтылуды міндеттеп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

        Сонымен қатар Қазақастан Республикасының  азаматтық процестік кодексінің 278-бабы 2-бөлігіне сәйкес, тараптарға мұндай жағдайда осы тараптар арасындағы дау бойынша, осы нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтінін түсіндірді.

Жалағаш аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған