Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігі бойынша азаматша Ш.-ға қатысты іс қаралды.
Азаматша Ш.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы М. тұрғылықты мекен жайынан шығып кетіп, Алматы қаласынан даяшы болып жүрген жерінен табылған.
Демек, азаматша Ш. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлының қаңғыбастықпен айналысуына алып келген іс-әрекетке жол берген.
Азаматша Ш. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, ісіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігінде ата-ананың кәмелетке толмаған адамның қаңғыбастықпен айналысуына алып келген іс-әрекеті үшін әкімшілік жаза көзделген.
Сот қаулысымен азаматша Ш. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 51688 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.