«Қазақтелеком» АҚ мен жауапкер Е. арасында телекомуникация қызметтерін ұсыну туралы шарт жасалған. Шартта айдың соңында қызмет ақысын төлеу міндеттелген. Жауапкер  міндетемесін орындамай, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін белгіссіз себептермен төлем жасамаған.

Атқару жазба шығару жөніндегі өтініші жауапкердің арызы бойынша жеке нотариуспен бас тартылған. Сондықтан жауапкерден жасалған шарт бойынша 30 761 теңге қарыз сомасын және мемлекеттік баж өндіруді сұраған.

Сотта тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат берген.

Осыған орай, татуластырушы судьяның қатысуымен  тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Татуластырушы судья талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ,жауапкер Е-ден қарызын өндіру туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдерін бекітті.

 Жалағаш аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған