Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабы 3-бөлігі бойынша азаматша Л.-ға қатысты іс қаралды.   

Азаматша Л.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы Д. тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында азық-түлік дүкенінен шыққан кәмелетке толмаған жәбірленуші Ә.-ні көріп, оны тоқтатып, құны 96 000 теңге тұратын «S» үлгісіндегі ұялы телефонын сөйлесуге сұрап алып,  қайтарып бермей, оқиға орнынан бой тасалаған.

Азаматша Л. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекет жасауына жол берген. 

Азаматша Л. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.

         Сот қаулысымен азаматша Л. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  51688 теңге айыппұл салынды.  

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған