«AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалы тарапымен бүгінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Еліміздің билеуші партиясы ретінде саяси аренадағы маңызды оқиғалардың жанынан табылып, халықтық партия ретінде әр азаматың талап-тілектерін қанағаттандыруға барынша күш салып келеді.  

Маңызды шешімдерді қабылдауда, сайлаушылардың сенім үдесінен шығу жолында партияның фракция мүшелері де еңбек етуде. Соның бірі – партияның қалалық филиалының депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Раушан Жәдігерқызы Ысқақова.

Раушан Жәдігерқызы, жалпы партияның қалалық филиалымен бірлесе атқарған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсеңіз?

– Жыл басынан бері «AMANAT» партиясының қалалық мәслихат депутаттары тарапынан партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысы сараланып, ұдайы бақылауда болды. Мәслихат депутаты, партияның қалалық филиалының фракция жетекшісінің орынбасары ретінде қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар менің де назарымнан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері №18 сайлау округіне қарасты Арай мөлтек ауданы, Ипподром, №278 ІТ мектеп-лицейі, №264 мектеп-лицейі аумағы бойынша сайлаушыларымен кездесіп, әр аймақтың маңызды деген мәселесі сараланды.

Сайлаушылармен кездесуде Сізге көп айтылатын мәселелер қандай?

– Бүгінде аталған аумақтарда инфрақұрылым жүйелері өзекті мәселеге айналған. Десе де бұл жайттар «AMANAT» партиясының назарынн тыс қалған емес. Партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын Қызылорда қаласы бойынша іске асырудың Жол картасы төңірегіндегі «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту» бағытының «Электр, жылумен жабдықтау және кәріз желілерін жөндеу», «Таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету», «Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыру», «Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету» мәселелері үнемі депутаттар назарынан түскен емес. Аталған аумақтағы электр желілерін жаңарту, жолдарды жөндеу сынды жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

        «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік мәселерді шешуге басымдық берілген. Бұл ретте денсаулық, білім, халықты әлеуметтік қолдау бағытында біршама жобалар іске асты. Биыл бірқатар денсаулық сақтау нысандары бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Сондай-ақ еліміздегі үш ауысымды мектеп мәселесін, оқушылардың орын тапшылығын жою мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынған болатын. Жоба аясында биыл Арай мөлтек ауданынан 1500 орындық білім ошағы салынуда. Аталған білім ордасы жаңа оқу жылында ел игілігіне берілмек. Бұған дейін де аталған аумақтардағы мектептерде оқушы орны тапшылығын жою мақсатында №264 мектеп-лицейі жанынан бастауыш сыныбы ашылған еді.

Фракция мүшесі ретінде өзіңіз сайлаған аумақтың мәселелерінен тыс қандай қосымша жұмыстар атқарылып жатыр?

– Жалпы халық қалаулысы өз аумағынан бөлек қоғам мәселесінде назардан тыс қалдырмауы қажет. Жыл басынан бері қоғамның өзекті мәселелерін қалалық мәслихат сессияларында қозғалды. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай қалыптастыру, оларды жұмыспен қамту, жастар жайы, құмар ойындар, ерекше балаларды қолдау, оларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, осы бағытта жұмыс істейтін орталықтардың күрмеулі мәселесін шешу, оқушылардың қауіпсіздігі, мектептегі асхана жұмысы, студенттер жатақханасы сынды жайттар бар. Бұдан бөлек азық-түлік, дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығына талдау жүргізіліп, халық талабына сай жаяу жүргіншілер жолының салынуы, бұқаралық спортты дамыту, ауыл-аймақтарда медицина қызметін қолжетімді етуде де ілкімді істер бар. Сонымен қатар тұрғындармен қабылдау өткізіп, олардың жеке мәселесі бойынша да біршама істер атқарылды.Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталсаңыз?

– Партияның Сайлауалды бағдарламасында қоғамның әр саласы бойынша жүзеге асатын жобалар нақтыланған. Қазіргі таңда аталған жобалар бойынша атқарылған жұмыстар жетерлік. Ал оны сапалы, уақытылы орындау, халыққа қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды арттыру бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасын табады. Жалпы ағымдағы жылы Сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда қаласына 82 шара белгіленген. Бүгінде соның 9-ы сәтті орындалды. Сонымен қатар, Сайлауалды бағдарлама аясында санылып жатырған құрылыс нысандарына ұдайы бақылау жұмыстарын жүргізіп, жұмыстың сапалы аяқталуын қадағалаудамыз.

Әлеуметтік желіде белсенділігіңізді байқадық. Жалпы, әлеуметтік желі тұрғындар сауалын шешуде қандай рөл атқарады?

– Өте орынды айтып отырсыз. Технология дамыған заманда әлеуметтік желі арқылы азаматтар өздерінің мұң-мұқтаждарын жеткізе алады. Бұндай жазбаларды партияның қалалық филиалы тарыпан зерделеп, қажет болса тұрғынның өзімен жеке кездесіп, өзекті мәселесін шешуге жұмыс жасаймыз. Сондықтан, әлеуметтік желі бүгінгі таңда сайлаушылармен кері байланыс орнатудың тиімді тетігі деп білемін.

Раушан Жәдігерқызы, сұхбатыңызға рақмет!

Раушан Ысқақова,

Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының  депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған