Еліміз «тең қоғам – тең мүмкіндіктер» қағидасы аясында қоғамда барлық азаматқа қолайлы жағдай, жайлы инфрақұрылым жасақтауды жолға қойған. Әр адамның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына мемлекет тікелей қолдау білдіріп ғана қоймай, жан-жақты жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Әсіресе мүгедек жандардың құқығын қамтамасыз етіп, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында түрлі жобалар қолға алынып, қазіргі таңда өз нәтижесін беруде.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Инклюзивті қоғам дамыту» гранты «Қызылорда өңірінде еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жастарды креативті өнерге тарту» жобасы аясында «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өз қолыңмен жасауды үйретемін» оқыту курсы өткен болатын.

Жоба аясында аймақтағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі жастарға түрлі бағыттағы оқыту курстары ұйымдастырып, олар 6 ай көлемінде теориялық және практикалық негізде білім алды. Атап айтқанда, «Жасанды интеллект (манкинг): фигма, канва, цифрлық контент», «Графикалық вебдизайн (ноу код)», және «Этноөнер» бағыттары бойынша №187 М.Шоқай атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің мүмкіндігі шектеулі оқушылары мен студенттер, «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, мүгедектігі шектеулі жастар, №7 арнайы түзету мектеп интернатының жоғары сынып оқушылары білім алып, курс соңында арнайы сертификат иегері атанды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған