Бүгін Б.Шөкенов атындағы саябақта «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» және «Жастарға жұмыс » жобалары аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға арнайы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның қалалық маслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері қатысып, жұмыс берушілерге ризашылық білдіріп, жұмыс іздеушілерге сәттілік тіледі.

Аталған шараға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облыстық филиалы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, «Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, облыстық «Жастар денсаулық орталығы» КММ-сі, Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары қатысып, жастарға өз салалары бойынша бағыт-бағдар, кеңес берді.

Жәрмеңке өткізудің мақсаты – жұмыссыз жастарға жұмыс беруші мекемелермен сұхбаттасуға мүмкіндік беру. Оқу бітіруші түлектерге өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға жағдай жасау және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру болып табылады.
Шара барысында жұмыссыз жастарға арнайы 36 мекемеден 200-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

«Атап өту керек, бұған дейін «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен партия жобалары аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен Астана қаласында өткен болатын. Міне бүгін Қызылорда қаласында жалғасын тауып отыр. Алдағы уақытта да дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын болады »,- деді жәрмекеге қатысып, жұмыс берушілермен тілдескен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.

#AMANAT

#ЖастарРухы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған