Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы 3-бөлігі бойынша С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Құқық бұзушы С. 2024 жылдың қаңтар айының 7-і мен ақпан айының 18-і аралығында кәмелетке толмаған балаларын қалдырып, құрбысының үйіне барып, алкогольдік ішімдік өнімін пайдаланып, балаларының күтіміне, оқытуы мен тәрбиеленуіне араласпаған.
Құқық бұзушы С. әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін көрсетті.
Құқық бұзушы С.-ның әрекеті ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігінен ӘҚБтК-нің 409-бабы 2-бөлігіне қайта сараланды, себебі ол, ата-ананың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды.