Талап қоюшы сотқа жауапкерден ақша өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
Іс құжаттарына сәйкес, тараптар ауызша келісімге келіп, жауапкер талап қоюшының үйінің сыртын құрылыс әрлеу жұмыстарын жүргізу міндеттемесін алған. Талап қоюшы құрылыс заттары үшін 2,3 млн. теңге несие рәсімдеген. Алайда, жауапкер бастаған жұмысын толық аяқтамай, міндеттемесін орындамаған.
Сот отырысында тараптарға дауды бітіммен аяқтау жөніндегі құқықтары түсіндірілді.
Нәтижесінде, тараптар дауды өзара бітіммен аяқтау туралы келісімге келгендерін көрсеткен. Оған сәйкес, жауапкер үйдің сыртын қаптау жұмыстарын келісілген уақыт аралығына дейін толық аяқтауға міндеттенді.
Ал, талап қоюшы талабынан бас тартты.
Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Қызылорда қалалық соты