▪️Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  талап қоюшы «I» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «К» акционерлік қоғамынан қарыз сомасы 10 млн. теңге көлемінде қарыз ақшаны, тұрақсыздық айыппұл сомасын және сот шығынын өндіру туралы талап қоюымен жүгінген.
 
▪️Тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтары түсіндірілген.
 
▪️Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
 
   ▪️Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.

Қызылорда облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған