2024 жылдың  9 айында  Қызылорда қаласының  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  жөніндегі  мамандандырылған  сотына  ҚР  ӘҚБтК-нің 461-бабының  1-бөлігімен, яғни  қорғау  нұсқамасын  бұзу  санатындағы  80 әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс  келіп  түсіп, қаралған.

Қаралған  істер  бойынша  74 әкімшілік  құқық  бұзушылық туралы іс  бойынша 10 тәулік   әкімшілік  қамақ  түріндегі  жаза  тағайындалған.

Азамат Р.  2024 жылғы 19 қыркүйек сағат 18:50 минут шамасында Қызылорда қаласында орналасқан пәтерінде ажырасып кеткен әйелі Г. мазасын алып, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған.

Сот отырысында Р. кінәсін толығымен мойындап, полиция органдарымен қолданған қорғау нұсқамасы талаптарын бұзғанына шын жүректен өкінетінін білдірді.

ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу – он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

          Азамат Р. әрекеті, іс-құжаттарына тіркелген полиция қызметкерінің баянатымен, жәбірленушінің арызымен, түсінігімен, ішкі істер органының қорғау нұсқамасымен және  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен  бекітіледі.

Азамат Р. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық  бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған  соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған