▪️Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев Қармақшы ауданында жеке қабылдау өткізді.
▪️Жеке қабылдау барысында тұрғындар бірқатар құқықтық мәселелермен, оның ішінде тұрғын үй құжаттарының рәсімделуі, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, ақша қаражаттарын қайтару және өзге де сауалдармен жүгінді.
▪️Тұрғындарға көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, заң талаптары түсіндірілді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі