▪️Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
 
▪️Азамат Е. алкогольдік масаң күйде  келіні Ж.-ға былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.
 
▪️Сот отырысында құқық бұзушы Е. өз әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап татуласқанын көрсетті.
 
▪️Жәбірленуші қайын ағасына кешірім беретінін көрсетіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
 
▪️Қазалы аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты Е. әкімшілік жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен тоқтатылды.

Қазалы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған