▪️Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 2-бөлігі бойынша азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. сусынның қалбырын белгіленбеген орынға тастап, ортақ пайдаланылатын орынды ластап, мұндай әрекетті бір жыл ішінде қайталап жасаған.
▪️Б.-ның әрекеті оның түсінігімен және іске тіркелген құжаттармен дәлелденген.
▪️Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 86500 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қармақшы аудандық соты