Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен азаматша Д.-ға қатысты іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Д. бұрын кәмелет жасқа толмаған баласы заңды өкілінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, бір жыл мерзімде қайталап, ұлы Н. сағат 03:00 шамасында Қызылорда қаласы Назарбаев даңғылы бойында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүруіне жол бергені анықталды.
Сот қаулысына сай азаматша Д. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 18091 теңге көлемінде мемлекет пайдасына айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты