Арал аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Керуенбаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, Еурохаттама рәсімін түсіндірудің маңыздылығы талқыланды.
Шараға Арал АПб-нің орынбасары Ж.Куйлишев пен жол полициясының қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Б.Керуенбаев 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдеу тәртібі – Еурохаттама енгізілгенін айтып, жаңашылдықтың тиімділігіне тоқталды.
Еурохаттаманың қолданылу жағдайларына назар аудартып, ЖКО-на екі көлік құралы ғана қатысса; қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса; ЖКО нәтижесінде қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе); ЖКО-на қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса; келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылатынын түсіндірді.
Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасын «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болатынын тілге тиек етіп, қатысушыларды осы бағытта ақпараттандыру мен Еурохаттаманы кеңінен қолдануға бағытталған шараларды жүргізуге шақырды .
Шара соңында қатысушылар жаңашылдықтың қолданылуына қатысты сындарлы пікір алмасып, тәжірибеде туындауы мүмкін деген мәселелерді талқылады.
Арал аудандық соты