Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс бойынша Т. кәмелетке толмаған балаларын асырап-күту үшін өндіріп алушы Г.-ның пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындаудан жалтарып, 4 267 233 теңге көлемінде алимент бойынша берешегі жинақталған.
Сот отырысында Т. сот бұйрығы шығарылғанын білетінін, жұмысы болмауына байланысты алимент бойынша міндеттемелерін орындай алмағанын көрсетті.
Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Байқоңыр қалалық соты.