«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы лауазымына Әбілтай Ғизат Майданұлы тағайындалды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында аймақ басшысы Ғизат Майданұлын құттықтап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. – «Бүгінде корпорацияның алдына қойылған маңызды міндеттер мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Өңірге инвестиция тарту, жаңа инвестициялық, ұлттық жобалар мен шағын индустриалды парктер жобасын жүзеге асыруда орнықты шешімдер қабылдап, тиісті шаралар атқару кезек күттірмейді. Тұрақтандыру қорының жұмысына қатысты кемшіліктер де аз емес. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңірлік нарыққа кепілдікпен әрі үздіксіз жеткізу, арнайы дүкендер мен ірі сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сату, тапшылықты болдырмауға бағытталған жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру керек. Ол үшін жүйелі жоспар жасалып, бюджет қаражатының әрбір тиынын жұмсауда шынайы жанашырлық таныту қажет. Ғизат Майданұлы, мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлік саласында мол тәжірибе жинаған, әлеуеті жоғары кадр ретінде корпорация қызметіне жаңа серпін беріп, нәтижелі әрі тиімді еңбек ететініңізге сенім білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған