Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың журналист Аслан Қаженовпен сұхбаты көпшілік арасында қызығушылық туғызды. Оқырмандар сауалына орай сұхбатты газетке ықшамдап жариялап отырмыз.
– Елімізге келіп жатырмыз, бірінші кезекте министрге үлкен алғыс айту керек. Бір жыл болған жоқ, азғантай уақыттың ішінде қаншама жаңалық енгізіп жатыр. Елдің көкейінде жүрген сұрақтарды қолға алып жатыр. Мысалы, алдыңғы олимпиадада “Кімнен сұраймыз, кім жауапты?” деген сұрақ туындады. Министрден бе, немесе, басшылықтан ба?
– Ешкім жауапты болмай шығады, бәрі бір-біріне сілтейді ғой?!
– Иә, қазір бізге белгілісі спорттың ахуалы төмендесе, министрліктен бастап барлығымыз жауаптымыз.
– О, баста әңгіме болды ғой, “Бақтияр Артаев барған кезде қиын болады оған. Қызылорданың спорт басқармасына басшы болатын жергілікті маман жоқ па?” деген сын да болды. Екінші жақтан “Бақтияр Артаев ол жаққа бармайды” деген әңгімелер де болды. Неге ол жаққа баруы керек деген сынды.
– Басында келген кезде әрине жұртшы лық мені Нұрлыбек Мәшбекұлымен сыйыса ала ма, сыйыса алмай ма, қызылордалықтар қабылдай ма, қабылдамай ма деп ойлады. Ол әңгімелердің негізі жоқ. Бос сөз. Билікпен бірге тіл табысып, осы өңірдің саясатын жүргізіп жатырмыз, министрдің саясатын жүргізіп жатырмыз. Өйткені осы елдің тұрғылықты азаматтары көп, білікті мамандары да көп. “Неге Артаев сырттан бару керек?” деген әңгімеге орай айтарым: олимпиадада ту көтерген кезде Қызылорда, Тараз деп бөлген жоқпын. Жалпы Қазақстанның туын көтердім. Сондықтан мен де осы елдің азаматымын, Қызылорданың жігіті, Тараздың жігіті деп бөлінбеу керекпіз.
Зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Алқа отырысын жасадық. Анықталғаны бюджеттен бөлінген қаржының 80%-ы олимпиадалық емес спорт түріне жұм салған. Министрдің тапсырмасына байланысты реформа жасап жатырмыз. Әрине бастапқы кезде көп азамат ауыр қабылдады. Өйткені, олимпиадалық емес спорт түрлерін жабу туралы ұсыныс оңай емес. Себебі көп адамдар осы саламен табыс тауып жатыр, сыйақыларын алып жатыр, айлықтарын көбейтті. Бірақ, жігіттер түсінді. Біз жеткізе білдік. Біз олимпиадалық спорт түріне өту керекпіз, бәсекесі жоғары жерге бару керекпіз.
Келесі мәселе 20 жылдан астам отырып қалған мектеп директорларының орнын ауыстыру, немесе қызметінен босату сияқты жұмыстар атқарылды.
– Сонда 20 жылдан аса отырған директорлар бар, иә?
– 24 жыл, 23 жыл, 22 жыл отырған мектеп директорлары бар еді, қазір қызметтерінен босады. Бірақ енді бұл жерде босаттым деген ешқандай көрсеткіш деңгей көрсетпейді. Тек қоюланып қалған қанды сұйылту керек болып тұр. Осы мақсатта басшыларды ауыстырып жатырмыз.
– Тағы бір үлкен талқыланып жа қан мәселе “Қайсар” жергілікті футбол клубы легионерсіз ойнайды деген ақпарат. Басында көпшілік оны жәй мәлімдеме ретінде қабылдады. Бірақ кейін білдік, клубқа қайтадан қазақ балалары алынып жатыр, легионерлер қайтып жатыр. Бұл да оңай шаруа емес. Батыл шешім қабылдадыңыздар. Бұл үлкен тәуекел ғой. Бірінші болып бастаманы көтеріп отырсыздар.
– Алғашқы кезекте облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына алғыс айтқым келеді. Нақты айту керек, ұсыныс берген кезде бірден мақұлдады. Аймақ басшысы қайсыбір сұхбатында болмасын үнемі кіші, жас буынды қолдайық дейді. Облыс әкімі тарапынан көптеген көмек болып жатыр. 21 млдр.-қа стадион соғылуда, 19,6 млдр.- қа “Қызылорда Арена” басталып жатыр. Бұл спортқа үлкен қолдау, демеу. Біздегідей Теннис орталығын еш жерден көре қойған жоқпыз деп өздеріңіз айтып отырсыздар. Сондықтан аймақ басшысының қол дауымен онымен ақылдаса келе, сол кісінің рұқсатын алғаннан кейін, осындай батыл шешім қабылдап отырмыз.
– “Қызылорда Арена” біраз талқы ланды. Ақпарат көздерінде айтылып жүрген стадион да жақын уақытта пай далануға беріледі дейді. Жұмыс барысы қалай болып жатыр, негізі 3 жылда қол данысқа берілуі керек, бірақ 1 жылда аяқтауды көздеп отыр екенсіздер. Мүмкін бе?
– “Қызылорда Арена” Нұрлыбек Мәшбекұлының спортты қолдауының арқа сында соғылып жатқан дүние. 3 жылдық немесе 4 жылдық жобалар 1 жылда аяқталады деген мақсат бар. Бір ерекшелігі өзге стадиондарға қарағанда тиімділігі көп. Көп жерде тиімсіз, стадионы, қонақүйі бар сонымен шектеледі. Бұл жерде мысалы спорттың 5 түрінен зал болады.
– Бұл негізгі алаң, 11 мың адамға арналған, иә?
– Иә. Оң қаптал мен сол қапталдың ішінде 5 спорт нысаны болады.
– Келесі қадамдар қандай болады? Аймақ спортында жарты жылдың көлемінде немесе бір жылдың көлемінде қандай өзгерістер болады? Өзіңіздің қандай ойларыңыз бар?
– Күн жылыған кезде облыс дең гейінде баскетбол, футбол, жалпы бүкіл спорт түрлерінен облыс халқының бәрін біріктіретіндей үлкен іс-шаралар өткізсек деп отырмыз. Өткізген әр іс-шара облыс деңгейінде болатын болса, бүкіл аудан дарды қосып, 5 немесе 10 іс-шара өткізетін болсақ ол да бір серпіліс береді. Одан кейін олимпиадашыларға байланысты 10 шақты бала бар. Сол 10 балаға жеке күтім жасаймыз. Дұрыс тамақтануы бар, әл-аухатын реттеп, стипендияларын жоғарылатып арттарынан қалмай қолдау жүргіземіз.
Қаржы сұрап, қаржы жарататын емес, спорт арқылы қаржы тапсақ па деген ой бар. Спорттың кем-кетігін жабатындай қаржы табу керекпіз. Мектеп директорларына осындай талап қойып отырмыз. Алдағы уақытта спорт сала сын кішігірім бизнес саласына айналдырамыз. Директорларға өздері отырған ғимараттарды таза ұстау, кем-кетік жерлері болса демеушілермен жөндеу деген сияқты талаптар қойылады. Жалпы тазалық та болу керек, спорт та болу керек, нәтиже де болу керек деген сияқты бәрін үйлестіріп отыратын боламыз.
– Рақмет үлкен!
Сұхбатты жүргізген А.Қаженов.
Ықшамдаған Қазына