«AMANAT» партиясы «Тұран» филиалына қарасты «Дарын» бастауыш партия ұйымында «Ұлы дала тарихы» тақырыбында жас тарихшылармен конференция өтті.
Конференцияның мақсаты жастар бойына елін, туған жерін, өткен тарихын құрметтейтін қасиеттерді сіңіру, өскелең ұрпақтың қазынаға толы тарихқа қызығушылығын арттыру болып табылады.
Шарада еліміздің тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың өнегелі ісін зерттеп жүрген тарихшылар олардың жастарға отансүйгіштік тәрбие берудегі рөлін айтты.
Жиында сөз алған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тарих кафедрасының меңгерушісі Өткелбаев Қыдыр Захманұлы «Ұлы Дала тарихы –халқымыздың мәңгілік мұрасы Қазақстан –кең байтақ әрі тариxы өте тереңде жатқан мемлекет. Қазақтың көптеген ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Бұдан біз ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұдан да ерте айтылып жүргенін, тариxымыздың тым әріде жатқанын білдіреді»-деді.
Ұсынылған баяндамалар негізінде конференция қатысушылары қазіргі тарихи тұлғатанудың өзекті мәселелерін талқылау жөніндегі конференцияның нәтижелеріне орай нақты шешімдерін ортаға салды.