Биылғы жылдың қаңтар айында облыстың өнеркәсіптік өңдеу саласында 54,1 пайыздық өсім қалыптасып, Қызылорда облысы өңірлер арасында өсiм қарқыны бойынша бірінші орынға шықты. Бұл туралы ҚР Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

Үкімет отырысының күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселері талқыланды. Жауапты ведомство басшылары баяндама жасап, тиісті ұсыныстарды жеткізді. Оның ішінде, Сыр өңірінің өңдеу өнеркәсібін дамытудағы жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін ерекше атап өтті.

Толық ақпарат «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған