Педагог кадрлардың кәсіби деңгейі мен біліктілігі – білім беру сапасы көрсеткішінің негізі. Қызылорда мектептерінде 24 531 педагог жұмыс жасайды. Олардың жоғары білімдісі – 23 567, арнаулы орта білімі барлар 964.
Бала тәрбиесімен айналысатын педагогтардың сапалық құрамына келетін болсақ, 30 педагог-шебер, 71 жоғары санатты,4325 педагог-зерттеуші,146 І санатты, 7286 педагог-сарапшы, 146 ІІ санатты 5 685 педагог-модераторлар бар. Ал жалпы педагогтардың 24,7%- ның немесе 5 851-інің санаты жоқ.
Облыс бойынша педагог-шеберлердің үлесі өте төмен. Мысалы: Жамбыл облысында 430 педагог-шебер, Шымкент қаласында 208 педагог-шебер болса, бізде бар болғаны 30 ғана. Сырдария ауданында бірде-бір шебер болмаса, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандарында бір ғана педагог-шеберлерден бар. Арал, Жаңақорғанда – 2, Қызылордада – 16, облыстық мекемелерде – 6 ғана шебер мұғалімдеріміз бар.