Қызылорда облысында  275 жалпы орта білім беретін мектеп бар. Оның 4-і бастауыш, 16-ы негізгі мектеп. 275- тiң жоғары деңгейлісі 30 , яғни 11,3 %, 129-ы орта деңгейлі, яғни 46,5 %, төмен деңгейлі 116 , яғни 42,2 % мектеп қалыптастырылды. Мектептердің 88,7 % , яғни 244 мектеп орта және одан төмен деңгейде болып отыр.

Қорытындысында облыс көлеміндегі санаулы мектепте ғана жұмыстың жолға қойылғандығы, басым бөлігінде жүйелі жұмыстың жоқ екендігі байқалды.

Рейтинг нәтижесімен 81, яғни 29,4 % мектепте соңғы үш жыл көлемінде оқушылардың да, ұстаздардың да облыс деңгейінде бірде-бір нәтиже көрсетпегені анықталды.

Арал ауданында 48 мектептің 23-і, атап айтқанда №№18, 20, 22, 58, 59, 61, 63, 66, 72, 74, 75, 76, 77, 81, 200, 227, 230, 231, 237, 248, 263, 265, 281-ші мектеп, Қазалыда 38 мектептің 13-і, атап айтқанда №№90, 94, 96, 97, 100, 103, 104, 134, 146, 182, 190, 238, 259 мектеп, Қармақшыда 30 мектептің 2-і, атап айтқанда №№30, 79-шы, Жалағашта 20 мектептің 2-і, атап айтқанда №№114, 115-ші мектеп, Сырдарияда 17 мектептің 1-і, атап айтқанда №191-ші мектеп, Шиеліде 38 мектептің 16-сы, атап айтқанда №№40, 84, 133, 141, 142, 151, 155, 157, 159, 205, 206, 207, 214, 241, 243, 251-ші мектеп, Жаңақорғанда 44 мектептің 18-і, атап айтқанда №№55, 86, 89, 161, 166, 167, 168, 184, 192, 193, 196, 208, 213, 221, 223, 224, 229, 247-ші мектеп, Қызылорда қаласында 57 мектептің 6-ы, атап айтқанда №№8, 175, 178, 215, 280, 282-ші мектепте нәтиже жоқ.

Осының ішінде, 7 мектепте бірде-бір нәтиже көрсетпегенінен бөлек, теріс бағыттағы жағдайлар орын алған.

Мәселен Арал ауданындағы №248-ші мектепте мектепте аяқталған суицид, Шиелі ауданы №40-шы мектепте оқушылар қаңғыбастықпен есепте тұрса, №205-ші мектепте, №214- ші мектеп оқушылары профилактикалық есепке алынған, дәл осындай көрсеткішпен Жаңақорған ауданының №168-ші мектепте, №192-ші мектептері бар, Қызылорда қаласы №8 мектепте қаңғыбастыққа бейімділікпен есепте тұрған оқушы тіркелген.

Мемлекет тарапынан барлық білім беру ұйымдарына теңдей мүмкіндіктің жасалып жатқандығын ескерсек, нәтиже көрсетпеген мектеп басшыларының тиімділігіне бағалау жұмыстары жүргізудеміз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған