Өткен аптаның сәрсенбісі күні қала әкімі Серік Қожаниязов қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.

Алдымен шаһар басшысы өткен жыл толайым табыстарға кенелген берекелі кезең болғанын атап, өтіп атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Былтырғы жылы өңдеуші өнеркәсіп көлемі 5,6 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 8,0 пайызға, инвестициялар тарту 18,2 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 6,8 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 23,3 пайызға және сауда көлемі 3,9 пайызға артқанын айтты. Ал өткен жылғы бюджет 96 млрд теңгеден асты. Ол 2022 жылмен салыстырғанда 31 пайызға өскен. Жыл көлемінде бюджеттің барлық қаржы көздерінен және жеке инвесторлар арқылы 355,8 млрд теңгенің жобалары сәтті басталып, 113 млрд теңгесі игерілді.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға қаржыландырудың барлық көздерінен 22,8 млрд. теңгеге 2424 пәтерді құрайтын көпқабатты 39 тұрғын үй бой көтерді. Өткен жылы 1486 пәтерді құрайтын көпқабатты 23 тұрғын үйі пайдалануға берілді.

Сол жағалаудан құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын «Оқушылар сарайы» және құны 7,9 млрд. теңге болатын 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математикалық мектеп-интернатының құрылысы биыл аяқталып, ел игілігіне табысталады. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша бастау алған білім нысандарының 5-еуін биыл аяқтау жоспарланып отыр. Қалған 3 мектептің құрылысы биыл басталып, келер жылы тапсырылады. Облыс әкімінің тапсырмасымен үш ауысымдық оқуды болдырмау мақсатында облыстық бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлініп, Абай атындағы №2, С.Толыбеков атындағы №3, Ә.Мүсілімов атындағы №101, Т.Есетов атындағы мектептерге қосымша ғимараттар салынды. «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын 600 орындық мектеп те оқушыларды қабылдап, жұмысын бастап кетті. Осындай халық сұранысына қажетті ғимараттардың құрылыстары биыл да жалғасын табады. Яғни Сол жағалаудан құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын музыкалық колледждің құрылысы қарқын алды. Оның алғашқы жұмыстарына 904 млн. теңге бөлінді.

Құны 2,9 млрд. теңге болатын «Облыстық қан орталығының» құрылысын аяқтау биылға жоспарланған. Жоба құны 36,4 млрд. теңгені құрайтын бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар, 300 төсектік көпбейінді аурухана салынуда.

Баймұрат батыр ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулатория жақын күндері пайдалануға беріледі. Оған бөлінген қаражат көлемі 422,5 млн теңге. Осы құрылыспен қатар жүрген Қосшыңырау ауылдық округіндегі медициналық бекет сәуір айында табысталады.

568,1 млн. теңгеге Талсуат пен Қарауылтөбе ауылдарынан 150 орындық клуб пайдалануға беріліп, мәдениет пен руханиятқа үлкен сый болды. Игі бастамалар жалғасы Тасбөгет кентінде де орын алды. Яғни, облыстық бюджеттен бөлінген 514,5 млн. теңгеге стандарттарға сай дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Ал, «Самұрық-Қазына» қоры болса өз есебінен 239 млн. теңге бөліп, Ақсуат ауылдық округінен жаңа спорт кешенін салды. Кәсіпкер-меценат Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен салынған құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығы қала халқына ерекше тарту болды. Спорттық ойындардың бірі – үстел теннисі де бас шаһарда дамитын болады. Биыл сол жағалаудан жаңа үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды. Бюджеті 2,7 млрд. теңгені құрайды, оның жартысы «Самұрық қазына» қоры арқылы бөлінді. Сонымен қатар дәл осы аумақтан құны 21 млрд. теңге болатын 7 000 орынды стадионның құрылыс басталды.

Облыс әкімінің үйлестіруімен «Акса энерджи» түрік компаниясы құны 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығының құрылысын бастады. Ол 2025 жылы іске қосылып, қаланы сапалы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етпек. Меценат Болат Өтемұратовтың қолдауымен басталған, құны 15,7 млрд. теңге болатын «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы да таяу күндері алғашқы жолаушыларын қабылдайды. Сырдария өзенінің сол жағалауынан іргесі қаланған жаңа автовокзалдың да жақын күндері игілігін көреміз. Құны 975 млн. теңгені құрайтын сапаржайды барлық стандарттарға сай деуге болады. Темір жол қақпасы вокзал ғимараты мен аумағы жаңаша кейіпке енді. Оның жөндеу жұмыстарына демеушілер 255 млн. теңге, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы 322 млн. теңге бөлді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

5,7 млрд. теңгеге Сырдария өзенінің сол жағалауында басты көше жолының Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізімен жанасатын көлік айырығы пайдалануға берілді. Құны 10,6 млрд. теңгеге қала, оған қарасты кент және ауылдық округтердегі жалпы ұзындығы 185,7 шақырым болатын 269 көшеге орташа жол жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 690 млн. теңгеге 19 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды. Бұдан бөлек, құны 350,1 млн. теңгеге «Бәйтерек» тұрғын ауданына «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірі табысталды. 304 млн. теңгеге Ғ.Мұратбаев көшесі мен А.Яссауи көшелерінің қиылысындағы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір пайдалануға берілді.

Меценат Асқар Әубәкіровтың демеушілігімен 1 млрд. теңгеге және облыстық бюджеттен бөлінген 329,2 млн. теңгеге орталық алаңға абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Замануи дизайнмен жаңғыратын орталық алаңның құрылысы биылғы мамыр айында аяқталады деп күтілуде.

Облыстық бюджеттен бөлінген 800 млн. теңгеге қала аумағындағы көпқабатты 17 тұрғын үйдің ауласына күрделі жөндеу жүргізілді. Сол жылы облыстық бюджеттен қосымша 403,5 млн. теңге қаралып, 19 үйдің ауласын абаттандыру ісі жалғасты. Халық ықыласын білдірген абаттандыру бастамасы биыл аяқталады.

Жаңа жобалардың бірі-көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін панельдермен қаптау болатын. Облыстық бюджеттен бөлінген 693,6 млн. теңгеге көпқабатты 16 тұрғын үйдің қасбеті жаңалануда. Ал, өткен жылы демеушілер есебінен 26 көпқабатты тұрғын үй мен 3 әлеуметтік нысанның сыртқы қасбеттері қапталған болатын.

Ауқымды жұмыстардың бірі – Сұлтан Бейбарыс көшесін абаттандыруға 1,6 млрд. теңге бөлініп, толығымен аяқталды. Сол жағалаудағы Абылай хан даңғылы да абаттандырылуда. Оған бюджеттен 564,8 млн. теңге қаралған. Абай даңғылындағы №47 «А, Б, В, Г» көпқабатты тұрғын үй аулалары демеушілікпен толықтай абаттандырылды. Жобаға 200,0 млн. теңге жұмсалды.

Тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 3,8 млрд. теңге қаралып, қала аумағындағы коммуналдық желілер жаңаланды. Тұрғындардың 100 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды.

Қосшыңырау ауылдық округінің Абай, Досан елді мекендеріне газ құбырын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттен 629,2 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ауыл тұрғындары көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Қала бойынша газбен қамту көрсеткіші 93 пайызды құрады.

Жылу желілерін қайта жаңғыртуға 8 жоба әзірленіп, оған республикалық бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде ең өзектісі С.Бейбарыс көшесінің бойындағы жылу құбырлары жер астымен жүргізілді.

Республикалық бюджеттен бөлінген 773,8 млн. теңге қаражатқа көппәтерлі 12 тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткізілді.

2022 жылы лизингке 150 автобус сатып алуға облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге, 2023 жылы облыстық бюджеттен 150 автобус сатып алуға 1,6 млрд. теңге қаралды. Бүгінгі күні барлық автобустар жеткізіліп, тиісті бағыттарға қосылды.

Жыл басынан бері экономиканың барлық саласында 15 мың 022 адам жұмыспен қамтылды. Ел Президентінің 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы қала бойынша артығымен орындалды.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7 пайыз, жалпы жұмыссыздық 4,7 пайыз. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық көрсеткіші едәуірге төмендеді.

Шаһар басшысы биылғы жылы атқа­рылатын жұмыстарға да тоқталып өтті.

– 2024 жылға бекітілген қала бюджеті 58,2 млрд. теңге болса, бүгінгі күні 72,6 млрд. теңгеге нақтыланды. Оның ішінде қала бюджетіне республикалық және облыстық бюджеттен 31,9 млрд. теңге трансферт бөлініп, 92 жоба жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда 2023 жылы құрылысы басталған Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде 7 қабатты 84 пәтерлі ипотекалық 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 1,7 млрд. теңге қаралды. «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы аясында ұзындығы 18,7 шақырымды құрайтын 4 жоба жүзеге асырылады. Оған Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау және дамыту» бағдарламасы бойынша құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын 19 жобаның жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталып, іске қосылатын болады. Биыл осал топтағы отбасыларына 200 пәтер және 135 пәтер жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындарға сатып алуға 4,2 млрд. теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен қосым ша құны 10 млрд. теңгені құрайтын 800 пәтерді сатып алуға бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру бағытында 7,5 млрд. теңге қаралды. Қаланы көгалдандыру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мекемеге 2024 жылға жалпы жергілікті бюджеттен 702,2 млн. теңге қаралды. Бүгінгі таңда әуежай бойында орналасқан «Табиғат», «Жібек жолы» және Қызылжарма каналдарын тазалау жұмыстары жүргізіліп, арықтар мен каналдарға аяқ су жіберілуде. Қала аумағындағы 10 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 375,4 млн. теңге қаралды. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген 686,7 млн. теңгеге қосымша 15 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңдары ша құны 10 млрд. теңгені құрайтын 800 пәтерді сатып алуға бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру бағытында 7,5 млрд. теңге қаралды. Қаланы көгалдандыру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мекемеге 2024 жылға жалпы жергілікті бюджеттен 702,2 млн. теңге қаралды. Бүгінгі таңда әуежай бойында орналасқан «Табиғат», «Жібек жолы» және Қызылжарма каналдарын тазалау жұмыстары жүргізіліп, арықтар мен каналдарға аяқ су жіберілуде. Қала аумағындағы 10 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 375,4 млн. теңге қаралды. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген 686,7 млн. теңгеге қосымша 15 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңдары қайта жаңғыртылатын болады. Облыстық бюджеттен бөлінген 140,3 млн. теңгеге 4 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекетттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Сонымен қатар Қожа Ахмет Яссауи көшесін абаттандыруға облыстық бюджеттен 72,5 млн. теңге қаралды. Облыстық медициналық орталығы алдындағы скверді абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 262,9 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі заман талабына сай 10 аялдама салу үшін жергілікті бюджеттен 52,5 млн. теңге қаралып отыр. Қызылорда қаласы бойынша 54 көшеге жарық бағаналарын орнату үшін республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары сәуір айында басталады. Облыстық бюджеттен бөлінген 1,8 млрд. теңгеге жалпы ұзындығы 48 шақырым болатын қаланың 40 көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланды. М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж маңынан жаңа сквер құрылысын салу жоспарланды. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 925,9 млн. теңге бөлінді. Қала аумағында орналасқан 21 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемелерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Қала аумағында орналасқан ғимараттардың қасбеттерін бірыңғай сәулет стилі әзірленіп, қызыл сызық талаптарын сақтау бағытында көше-жол желісіне түзетулер енгізілетін болады. Осылайша қаламыздың көшелерінің сәулеті бірыңғай үлгіге келіп, ондағы әлеуметтік нысандар мен ғимараттардың сыртқы қасбеті, оның түсі, сондай-ақ көше бойындағы жарықшамдар, жерге төселетін қыртастар пішіні және тағы басқа архитектуралық формалар бір стильде қалыптастырылады. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бюджеттің барлық көздерінен 6 млрд. теңге қаралды. Оған құны 192,8 млн. теңгеге «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының бойында «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпірі салынатын болады. Қазіргі таңда, мердігер мекеме анықталып, жақын күндері құрылыс-монтаж жұмыстары бастау алады.

Қаланың негізгі көшелерінің бірі болып саналатын 2 жолақты көшелерді 4 жолақтыға кеңейту жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі таңда, жоба құны 3 млрд. теңгені құрайтын ұзындығы 2,9 шақырым болатын Қожа Ахмет Яссауи көшесі және құны 434,4 млн. теңгені құрайтын ұзындығы 2 шақырым болатын Е.Көшербаев көшесін қайта жаңғырту үшін республикалық және облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаралып отыр.

Одан бөлек, ұзындығы 3,3 шақырым болатын Жаппасбай батыр көшесі, ұзындығы 7 шақырым болатын Тәуелсіздік даңғылы ұзындығы 13 шақырым болатын жаңа әуежай терминалына баратын жол және ұзындығы 9,8 шақырым болатын «Қызылорда – Құмкөл» автомобиль жолын көлік жолайрығынан бастап Құмкөл кіре-беріс жолына дейін қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланды. Қазіргі таңда, жобалардың тиісті құжаттары әзірленіп, рәсімделуде. Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін жол салуға республикалық бюджеттен 200 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы ұзындығы 46,1 шақырымды құрайтын жалпы сомасы 4,4 млрд. теңгеге 35 көшені орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Облыстық бюджеттен бөлінген 137,4 млн. теңге 15 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстарына салынуда. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталады.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл барлығы 16 жобаға 1 млрд. 234 млн. теңге бөлінді. Жобаларды аяқтау үшін республикалық бюджетке 4,6 млрд. теңгеге, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 587 млн. теңге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қызылжарма ауылдық округіндегі 5 көшені күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 587 млн. теңге қаржы бөлінді.Қазіргі таңда ауылдық округтердегі 16 жобаның мердігер мекемесі анықталды, 5 жобаның жұмысы жүргізілуде.

– Биылғы міндеттер өте ауқымды. Осы жобалардың жүзеге асуына бірге күш салатын боламыз. Қазір Қызылорда қаласында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Мемлекеттік мерекелер өз деңгейінде аталып өтілуде. Шаһарымызды көркейту-көгалдандыру бағытында тұрақты түрде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда. Қаламен қатар көктемгі дала жұмыстары да жанданды. Диқандарымыз биыл 8677 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлаған. Оның 3614 гектары күріш,-деп Серік Қожаниязов баяндамасын қорытындылады.

Жиын cоңында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету жайы талқыланды. Сонымен қатар иесіз жануарларға қатысты мәселелер көтерілді.

– Қала көшелеріндегі қаңғыбас иттерді жоюдың қандай жолдары бар? Қазір арнайы мамандардың қолдарында дәріменен ұйықтатын ешқандай құрал жоқ. Басқа жағдай жоқ. Тек жабайы түрде жұмыс жасап жатыр. Бұл – өте өзекті. Өзіңіз білесіз жақында әлеуметтік желіде кішкентай баланы ит талап жатқаны туралы тарады,-деді қоғамдық кеңес мүшесі Сәкен Алдашбаев.

– Қаңғыбас ит-мысықтар өте күрделі мәселе. Осы екі жылдың көлемінде Жануарларды атуға тыйым салынды ғой. Соған байланысты проблема бар. Бұрын енді бюджеттен қаржы бөліп, қаңғыбас иттерді ататын едік қой. Қазір енді заң бойынша тыйым салынған. Енді онымен тек кез-келген адам емес арнайы мамандар ғана шұғылданады. Соған бюджеттен тыс көздерден көмектесіп жатырмыз,-деп жауап берді қала әкімі.

Өз кезегінде қоғамдық кеңес мүшелері ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар қала басшысының қолға алған игілікті бастамаларына сәттілік тілеп, шаһардың дамуы үшін бірлесіп жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Мұхаммедшах Каюп

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған