«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жойылсын:
1) «Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 9862 қаулысы;
2) «Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және ережесін бекіту туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 17 сәуірдегі № 10817 қаулысы.
2. «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Ә. Ахметке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының
әкімі А. Шаменов