Қоғамдық кеңесінің сапалық құрамы 2022 жылдың 29 наурызында Қызылорда қалалық мәслихатының № 17 сессиясында №112-17/3 шешімімен жаңадан қалыптастырылған қоғамдық кеңес құрамы 19 адамнан бекітілді. Осы уақытқа дейін Қоғамдық кеңестің 12 отырысы өткізіліп, 33 мәселе қаралды. 3 қоғамдық бақылауға, 3 қайырымдылық акциясына қатысты. 1 өтініш келіп түсті. 22 хат кіріске алынып, 35 хат шығысталды.
Кеңес отырыстарында қаралған мәселелер:
Қызылорда қалалық дербес бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылдың атқарылған жұмыстарын тоқсан сайын қаралып отырылады.
- «2021 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы» туралы.
- Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №427-73/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қоғамдық кеңестің ережесін бекіту туралы.
- Қоғамдық кеңес мүшелерін салалық комиссия құрамына бекіту туралы.
- Қызылорда қаласында қалаішілік қоғамдық тасымалдау жұмыстарының барысы туралы.
- Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстары
- (заң бұзушылықтарды болдырмау, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы үлесін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдау, т.б.).
- «Қызылорда қаласы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №1526 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
- «Қызылорда қаласы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №1528 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
- Қызылорда қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы.
- «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» жұмыстарының барысы туралы.
- Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылдың 1-ші жарты жылдықта атқарған жұмыстары (заң бұзушылықтарды болдырмау, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы үлесін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдау және т.б.) туралы.
- «Қызылорда қалалық мәслихатының «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» 2018 жылғы 8 маусымындағы №163-26/10 шешімінің күшін жою туралы».
- «Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №427-73/10 «Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
- Қызылорда қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы.
- Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы жұмыстар туралы
- Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат, Қызылжарма, Ақжарма,
Талсуат, Қызылөзек, Қосшыңырау, Қарауылтөбе ауылдық округтері мен Тасбөгет, Белкөл кенттері бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларын бекіту туралы. - Қызылорда қаласына қарасты кейбір елдi мекендердiң шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы.
- Қызылорда қалалық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 145-23/5 «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.
- «Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
- «Қызылорда қаласы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №1526 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.
- «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттардың тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қалалық жер қатынастары бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылдың 8 айы бойынша атқарылған жұмыстары (заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында атқарылған шаралар, т.б.).
- Қала аумағында жол қозғалыс қауіпсіздігін сақтау жөніндегі шаралар туралы.
- Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылдың ІІІ-тоқсанында атқарылған жұмыстары («электрондық үкімет» веб-порталы арқылы үлесін арттыру тиісті шаралар қабылдау, т.б.).
- «Қызылорда қаласы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы».
- «Қызылорда қаласы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы».
- «Қызылорда қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 107-16/10 шешіміне өзгерістер енгізу.
- «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы».
- «Қызылорда қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы».
- «2023 жылға арналған Қоғамдық кеңестің жылдық жоспарды бекіту»
- Қызылорда қаласы әкімінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 18 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы №94-15/1 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Қоғамдық бақылау:
- Қазіргі таңда өзекті болып отырған қалаішілік қоғамдық тасымалдау жұмыстарының барысы танысып қайтты. Жолаушылар тасымалдау қызметі мен қоғамдық көлік қатынасын реттеу бағытында атқарылып жатқан шаралар барысын тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері автобустардын арттыру,сапалы қызметтері бойынша ұсыныстарын білдірді. (Қазіргі таңда автобустарды сатып алу мақсатында автомобиль өндіруші «QazTehna» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, 82 дана автобус жеткізілді. Алайда, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы шекарасы карантиндік ахуалға байланысты уақытша жабық болуына орай, автобустардың қаламызға жеткізілуі жоспарланған мерзімнен кешіктірілуде. Осы ретте, шекара ашылғаннан кейін, қалған 68 дана үлкен сыйымдылықтағы автобустар қалалық бағыттарға енгізіліп, қызмет көрсететін болады. Бұл өз кезегінде тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңадан келетін автокөліктер қалаішілік 8 бағыт бойынша қызмет көрсететін болады және әр автобуста GPS навигатор құрылғысы орнатылады. Қазіргі таңда қалаішілік 5 бағыт бойынша қызмет көрсетіп жүрген жаңа автобустарда GPS навигатор құрылғысы орнатылған. Алдағы уақытта, қалаішілік 25 бағыттағы автокөліктерді толық жаңа автобустарға ауыстыру жоспарлануда)
- . Қаламыздағы «Сыр Төресі» және «Зерентай» лагерлерiнде болып, демалушы балалармен кездесу өткiздi. Аралау барысында балалардың жазғы демалысы жақсы өту керектігін ескеріп, кеңес мүшелері лагерлердің ұжымына бірқатар ұсыныстар жеткізді. («Сыр Төресі» лагеріне бойынша қалалық білім бөлімне берілген ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілу тапсырылды ).
- Қоғамдық көлік мәселе бойынша жеке жолаушылар тасымалдаушылардың бағыттарына қоғамдық бақылау өткізілді. Қалада 32 бағыт және қала маңына 7 бағыт бойынша қоғамдық көліктер қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і 5 бағытта (1,11,14,17,18) және қалған бағытта жеке кәсіпкерлер «Ақмешіт» ЖШС 7 бағытта (5, 6, 7, 8, 13, 16, 26), «Эмбывалый» ЖШС 5 бағытта (3, 27, 21, 31, 32) «Арғымақ орда» 4 бағытта (30, 15, 2, 4) жолаушы тасымалымен айналысуда. Алдымен кеңес мүшелері Темір жол вокзалына барып, осы маңайдағы № 5 және № 4, №11қоғамдық көліктердің тасымалдаушылармен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдап, жылдамдықты асырмай, уақыт жиілігін қалыпқа келтіру, дәрі қобдишасының, өрт сөндіргіш құралдарының болуы қажеттілігін ескертілді. Қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық полиция басқармасың, көлік инспекциясының, қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты мамандары қоғамдық көлік жүргізушілеріне уақыт жиілігін қалыпқа келтіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық бақылау жүргізу барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. (№ 6 бағыттағы («Ақмешіт» ЖШС) көлікте жүргізуші мен кассирдің киім үлгісінің сақталмағандығы, көлікте артық заттардың бар болуы, тазалық сақталмағаны, дәрі қобдишасының, өрт сөндіргіш баллондардың, «Қызмет көрсетуші» парақшасында ақпараттың болмауы; № 11 («Қызылорда» автобус паркі») бағытындағы көлікте тазалықтың сақталмауы, дәрі қобдишасындағы дәрілердің мерзімі өтіп кеткендігі; № 21 («Эмбывалый» ЖШС) бағытындағы көлікте орындықтарының түгел болмауы, өрт сөндіргіш баллондарының жарамсыздығы, аппатық жағдайларға арналған балғаның болмауы; № 2 («Арғымақ орда») бағытындағы көлікте өрт сөндіргіш баллондарының мерзімі өтіп кеткен; Қалалық қоғамдық кеңес жанынан құрылған «Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауылшаруашылық және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия» төрағасы М.Кәрімбаев бастаған Кеңес мүшелері тарапынан қазіргі таңда қоғамдық көлік санының азайып кетуі, қаланың кейбір аудандарына қоғамдық көлік мүлдем бармай отырғандығы, сенбі, жексенбі күндері жеке тасмалдаушылардың бағытқа шықпауын ескере отырып, жеке көлік тасымалдаушыларды ынталандыру, кей бағыттарда диспетчерлік орындардың жоқтығын жою бағытында жұмыс жасау, субсидия бөлу, көлік саласын толығымен зерделеуге жергілікті атқарушы орган өкілдеріне ұсыныстарын білдірді )
Қайырымдылық акциясы:
1. «Эко мәдениетті дамыту» күніне орай қала жастарының ұйымдастыруымен өткізілген «ECO Марафон» сенбілік акциясы.
2. «Барлық игілік – балаларға» қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін, балаларға арналған ойын алаңдарын қалыпқа келтіру және көпшілік қайырымдылық акциясы.
3. «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» акцияся. «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы қаламыздағы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындау мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелері оқу-құралдары мен сумкалар табыстады.