«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 63/137 «Қызылорда қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қалалық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 23 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
2. Қызылорда қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Қызылорда қалалық мәслихатына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Ергешбаев
Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы К. Насибеков
№63/138, 30 желтоқсан 2022 жыл