«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезінің делегаттары теміржолшылардың мәжіліс залында Магистральдық желі бөлімше ұжымымен кездесті.Жиынды «Магистральдық желі бөлімшесі» басшысы, БПҰ төрағасы Ибраким Басықараев ашып, партия Съезінде ел әлеуметін көтеретін, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартатын, ауылдардың гүлденуі мен тұрғындардың әл-ауқатын көтеретін ел болашағы үшін мәселелер көтерілгенін жеткізді Сонымен қатар партияның алдағы 5 жылды қамтитын Сайлауалды бағдарламаның бекітіліп, партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер бірауыздан делегаттармен мақұлданғанын айтып өтті.«Елдегі конституциялық реформалардың заңды жалғасы болып отырған алдағы сайлау жаңа форматта өткелі отыр. Яғни еліміздегі саяси партиялар ғана емес, бұл сайлауда жекелеген азаматтарға да Мәжіліс пен мәслихаттарға үміткер ретінде өзін – өзі ұсынуға жол берілуде. Осы тұста Президентіміз айтқандай сайлау «елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек», – деді БПҰ төрағасы Ибраким Басықараев. «AMANAT» партиясы Теміржол филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева өткен алқалы жиын жөнінде мағұлмат бере келе, алдағы сайлау науқанына «AMANAT» жаңа мақсат-мүддені көздеп отырғанын, оның миссиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі болу және Әділетті Қазақстанды құру екіндігін тілге тиек етіп, алған әсерлерімен бөлісті.Жиын барысында теміржолшылардың пікірлерімен бөлісіп, елді қуатты етуде бағытында ұсыныс тілектерін тыңдалды. Атап өту керек алдағы уақытта тұрғындардан жинақталған әрбір ұсыныстар сарапталып, партияның сайлауалды бағдарламасына қосымша енгізілетін болады.