Елімізде сот төрелігін жүзеге асыруды жеделдететін, сот қызметін ашық және қолжетімді етуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қолданылып келе жатыр, солардың бірі «Сот кабинеті» — электрондық ақпараттық сервисі деп айтсақ та болады, 2014 жылдың маусым айынан бастап енгізілген жаңашылдық.
2015 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» сервисінің мобильді нұсқасын енгізді. iOS, Android және Windows Phone мобильді платформаларында «Сот кабинеті» мобильді қосымшасы бар. Бұл сервис Қазақстан Республикасының Сот жүйесінің жаңалықтарын көруге мүмкіндік береді; тыңдау тізімдері; пәндік құжаттар; хабарламалар (ұсынылған құжаттардың күйлері; сынаққа қатысушылардың күнтізбесі. Бұл қызмет қолданбаны пайдаланушыларға мәтіндік хабарламалар алмасуға мүмкіндік береді.
«Сот кабинеті» бұл халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына қол жеткізуіне жасалғандықтан, сот органдарының онлайн сервисіне кіруіне арналған бірыңғай терезе болып саналады. Заманауи технологияларды қолданудың арқасында істерді қарау ыңғайлы әрі қолжетімді бола бастады, яғни азамат, оның өкілі немесе заңгер өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы талап арыздарын, оған қоса тіркелетін құжаттарын, басқа да сот істері бойынша өтініштерін жолдап, баж алымдарын төлей алады, сонымен қатар, істегі мәртебесін қарап, сот актісін шығара алады.
Аталмыш қызметтің басты басымдығы — сот жүйесінің беделін арттыру, халықтың соттарға деген сенімін нығайту міндетті түрде кіреді. Бұл, ең алдымен, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтерумен тығыз байланысты деуге болады.
Аталмыш сервисті пайдалану үшін әрбір сотқа жүгінген азамат Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Нәтижесінде, тіркелген тұлға сервистің пайдаланушысы болып саналады.
Бүгінгі күні «Сот кабинеті» сервисі – сот жүйесінің үлкен жетістіктерінің бірі екені сөзсіз.
Е.Жетпісбайұлы
Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы