Ашық өкімет, ашық қоғам. Бұл тәуелсіз еліміздің ұлы ұстанымы. Құқықты, зайырлы елде барлық адамның тең, құқықпен қорғалған жүйесінің жемісі. Сондай ашықтық Сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау барысында да жүзеге асып отыр. Ол «Сот кабинеті» деп аталды.

 Жаңа заман талабына сай электронды формата ашықтықты қалыптастыр жүйенің жемісі қандай, қарапайым халыққа берері не, әділдік пен туралыққа нендей үлес қосуда. Осы қызмет жайында ашығырақ айтсақ.

 Сот жүйесіне қолжетімді болған ел ең бірінші заманауи технологияларды пайдалана отырып сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығында онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады. Иа, үйден шықпай-ақ осындай жетістіктер арқылы баяғы сарсылған шабысты доғарып, құжаттарыңызды өткізе аласыз. Сол үшін де компьютер тілін жетік меңгергеніңіз абзал. Сол кезде сіздің барлық құжаттарыңыз тіркеліп, көз алдыңызда тұрады. Өткізген күніңіз, алатын уақытыңызға дейін қарастырылған. Кешігіп жатса да осы құрылым сізге мәлімет береді.  

 Ал, енді сот кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. Бұл бағытта қазірде қанша жұмыстар жүргізіліп, елдің алғыс тілегін арқалаудамыз.

  Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады. Халықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 

 Елде әділдік орнағанда, әділдіктің барына халық сенгенде ғана Мәңгілік елдің іргетасымыз беки түспек. Ал, ұлт пен елдің мәңгілік болуы біздің жарқын болашағымыз емес пе. Ендеше әрбір игі іске сіздің де үлесіңіз қосылуы тиіс.

Қызылорда қаласының №2 сотының жетекші маманы

Т.Алтынбаева 

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған