Сот жүйесі – мелекеттің негізін құрайтын, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі. Азаматтардың мемлекеттік-құқықтық саясатқа қатынасы және қоғам тарапынан билікке сенім білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Пәрменді және тәуелсіз сот билігі – мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланыс кепілі.
Сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін көтеру мақсатында, қазір соттар жаңа құрылғылар мен ақпараттық бағдарламалар енгізілген.
Осы бағыттарда сот жүйесін цифырландыру бойынша да кешенді, ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының барлық сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы сот өндірісін жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлықтың орын алу ықтималдығын төмендетуге септігін тигізеді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызады, атап айтсақ электрондық сот істеріне ауысу, «Сот кабинеті» сервисі, «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS хабарлама» сервисі «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу СALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция және «True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру ақпараттық технологиялар қызметі, соттардың ахуалдық орталығы, мобильді «Сот кабинеті» өз жұмысын атқаруда.
«Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалар, өкілдер кез-келгені сотқа келіп уақытын бөлмей, ыңғайлы уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайын режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алады.
Осылайша, сот жүйесінде қазіргі заманғы технологиялар сот процесін жеңілдетеді, бюрократтық кедергілерді жояды, азаматтардың уақытын және ақшасын үнемдейді, бюджет қаражатын үнемдейді, халық үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қ.Задаев
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының бас маманы