QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Сотқа тараптарды шақыру тәртібі

Автор:QAA.kz

Май 28, 2020

Сот отырысына тараптардың түгел қатысуы істің дұрыс шешілуіне өз септігін тигізері анық. Тараптарды сот отырысына шақырып, оны ұйымдастыру хатшының міндеті. Бұны өз деңгейінде орындау сот отырысы хатшысының біліктігіне тікелей байланысты.

Сот отырысының хатшысы істі дайындаған кезде жауапкерге және процеске басқа да қатысушыларға арыз көшірмелерін, сот талқылауына шақыруды, арызды қарау нәтижелерін ұялы байланыс абоненттік нөміріне немесе электрондық адресіне жіберуді көздейтін талапкердің арызы бойынша талонды толтыруды ұсынады. Қарауға тағайындалған істер бойынша сот отырысыныц хатшысы процеске қатысушыларды және үшінші тұлғаларды, куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды шақыру туралы соттың шақыру кағаздарын жібереді. Соттың шақыру кағазында сот отырысының өтетін уақыты (сағаты, күні) мен орны көрсетіледі. Қорғаушылар мен прокурорға жазбаша турде хабарланады.

Жауапкердің немесе процеске басқа да қатысушының қарсылықтары болмаған жағдайда талапкердің арызы бойынша талон беріледі, оның түбіртегі арызға қоса тіркеледі.

Талапкердің арызы бойынша талонды қалыптастыру және беру арызды тіркеу туралы талонды беру және электрондық хабарландыруларды жіберу туралы пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сот хабарландырулары мен шақырулар почта, (ГЭП), курьер, телеграф, факсимильды байланыс, ұялы байланыс абоненттік нөмірі, электрондық құжат айналымы жүйелері, немесе хабарландыруды не шақыруды қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдары пайдалану арқылы жіберіледі.

Хабарландыру нысанын таңдау кезінде шықырылып отырған адамның сотқа келуін қамтамасыз ететін және сот хабарландырулары мен шақырулардың қайталануын болдырмайтын барынша оңтайлы нұсқасы пайдаланылады. Сот шығыстарын оңтайландыру мақсатында процессуалдық мүмкіндік болған кезде сот шақырулары мен басқа сот хат-хабарларын бөлек жіберуге жол берілмейді.

Арыздар мен өтініштер «Сот кабинеті» сервис арқылы түссе электрондық сот хабарландырулары мен шақырулары «Сот кабинеті» арқылы жолданады. Егер 24 сағат ішінде жеткізілгені туралы дерек түспесе SMS-хабарлама жолданады. Егер, СО АЖ-не жеткізілгені туралы дерек түспесе, сот хабарламасын ГЭП арқылы шақырту жүргізіледі.

Талапкерге, талапкердің өкіліне, сондай-ақ жауапкерге электрондық хабарландырулар мен шақырулар талапты беру кезінде көрсетілген не олар арызды (шағымды) тіркеу туралы талонды немесе талапкердік арызы бойынша талонды толтыру арқылы сотқа ұсынылған ұялы байланыс абоненттік нөмірі немесе электрондық адрес бойынша жіберіледі. Басқа процеске қатысушыларға электрондық хабарламалар олардың сотқа жазбаша арыз беруі, не талапкердің арызы бойынша талонды толтыру арқылы

ұсынған ұялы байланыс абоненттік нөмірі немесе электрондық адрес бойынша жіберіледі.

Сот отырысының хатшысы сотқа шақыру қағаздарының алынғанын куәландыратын қолхаттардың қайтарылуын, ұялы байланыс абоненттік нөмірі бойынша, электрондық адрес бойынша, СО АЖ арқылы жіберілген электрондық хабарламалардың жіберілуін бақылайды.

Сот хабарландырулары мен шақыру қағаздары сот отырысында істі талқылау тағайындалғаннан кейін істі тыңдау қандай мерзімге тағайындалғанына қарамастан келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, жіберілуге тиіс. Басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылданған алдын ала тыңдауда қаралған істер бойынша сотқа шақырулары тыңдаудан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

Хабарландырулар мен шақырулар хабарланған немесе шақырылған адамның сотқа уақытылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімнің болуы ескеріліп жөнелтілуге тиіс.

Сот шақыруы, хабарландыру немесе шақыру адресатқа табыс етілмеген не ұялы байланыс абоненттік нөмірі немесе электрондық адрес бойынша жеткізілмеген болса, сот отырысының хатшысы ондай деректер түскеннен кейін дереу себебін анықтауға және ол туралы іс өндірісінде болған судьяға ол туралы баяндауға тиіс. Сот ісін жүргізуге қатысушыларды хабарландыру, сотқа шақыру жөніндегі кейінгі шаралар жалпы тәртіпте қабылданады.

Шақыруларды, хат-хабарларды жөнелту және жеткізу туралы хабарландыруларды табыс ету, оның ішінде почта, курьер, телеграф, телефон, факсимильды, электрондық байланыс арқылы жеткізілгені туралы барлық қолхаттар іс материалдарына тіркелуге жатады.

Тараптардың сот отырысына қатысуына байланысты дау шығаруының алдын алу сот отырысының хатшысына тікелей байланысты. Шақыртуды дер кезінде қабылдап, түсіністік танытып сот отырысына қатысу қоғамныңда құқықтық мәдениетінің көрсеткіші болады.

Қызылорда қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы:

О.Сейсентаев

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *