• Аудан басшысы Серік Сермағамбетов Қамыстыбас және Аралқұм ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен кездесті.
Аудан әкімінің іс-сапары алдымен Қамыстыбас ауылында болды. Елді мекенде өткен кездесуде аудан әкімі жыл басынан бері өңірдегі атқарылған жұмыстар легін баяндап, биылға жоспарланған жобаларға тоқталып өтті.
– «Ауданға инвестиция тарту көлемі жыл сайын артып келеді. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан бюджеті екі есеге артып, биыл 18.4 млрд. теңгеге көбейді. Ауданымызда газ тарту жұмыстары да лайықты жалғасын табуда. 2022 жылы Сексеуіл кентінде газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы басталып, биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Көп күтпей-ақ, өздеріңізде де көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін құны 56 млн.тг болатын жоба жасалуда. Келесі жылы бюджеттен қаржы тарту жұмыстарын атқаратын боламыз. Ауылдарыңызда «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 79,6 млн теңгеге 10 жоба ұсынылып отыр екен. Бұл өте тиімді. Халық осындай жобалардың игілігін көру қажет. Елге болсын деген азаматтарды ауылды көркейтуге атсалысуға тартып, жобалар жасау керек. Оған бізден әрдайым қолдау болады» – деп, кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге жан-жақты демеудің бар екендігін айтты.
Сапар барысында аудан басшысы «Тоқбай» көлінің жанындағы тұрғындардың егістік алқабымен танысты. Бүгінде 10 гектар аумақтың 5 гектарына бау-бақша өнімдері егілуде. «Әліп» шаруа қожалығының төрағасы Әлиев Рахымжан егін алқабын тыңайту жұмыстарын көрсетіп, өнімнің бітік шығуы үшін жасалып жатқан жұмыстардың барысын көрсетті. Аудан басшысы жердің құнарлылығы жоғары екенін айтып, халықты өз өнімімізбен қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта көкініс дақылдарын да егуді ұсынды.
• Аудан әкімінің сапары одан әрі Аралқұм ауылдық округінде жалғасты. Серік Сағитжанұлы тұрғындарға ауданымыздағы жағымды жаңалықтың бірі қала аумағында теміржол үстінен өтетін аспалы көпір құрылысының басталғанын айтып, қуанышпен бөлісті. Одан соң, биылғы жылы өңірімізде атқарылып жатқан тың жобалар мен алдағы міндеттерге тоқталды. Аралқұм ауылына балалар ойын алаңын салу мәселесі де оң шешімін тауып, аудандық бюджетке өтінім тапсырылғанын жеткізді. Елді мекенге қарасты Мойнақ ауылына шахталық құдық қазу жұмыстары да биыл демеушілік есебінен бастау алмақ.
• Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Аққұм және Сазды ауылдық округтеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Ауыл халқымен өткен кездесуде аудан басшысы жыл басынан бері өңірдегі атқарылған жұмыстарды баяндап, жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде тоқталып өтті.
– «Өздеріңіздің ауылдарыңызда электр желісін жаңарту үшін бүгінде жоба дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алдық. Бюджеттік өтінімі тапсырылды. Келесі жылға 6 елдімекен, оның ішінде Шижаға ауылы да бар, жұмыстары жүргізілетін болады. Биылғы жылы жарықтандыру бойынша да елді мекенге аудан бюджетінен 4,5 млн. теңгеге бөлініп, мердігері анықталды. Жуық күндері бұл жұмыста жүзеге аспақ. Одан бөлек, 3,5 млн. теңгеге ауылдың шет аймағына КТПН орнату жоспарланып отыр. Жол мәселесіне қатысты ауылға кіреберіс жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарыда басталды. 10 мың шаршы метрді құрайтын аудандық маңызы бар автожолдарға аудан бюджетінен 52,0 млн теңге бөлініп, соның ішінде Аққұм елді мекеніндегі 1000 шаршы метр жөндеуден өткізілмек» – деді, Серік Сағитжанұлы.
Сондай-ақ, Шижаға елді мекеніне газ желісін тарту жоспарлы жұмыстардың бірі екендігін, Сексеуіл кентінен кейінгі ең бірінші кезекте осы ауылды көгілдір отынға қосу үшін құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын жоба бүгінгі күні мемлекеттік сараптамадан өтіп тұрғанын, келесі жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылуы үшін нақты жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Бұдан бөлек ауыл халқының өткен жылғы аудан әкіміне айтылған өтініші орындалып, демеушілік есебінен жаңа балабақша құрылысы басталған еді. Бүгінде 2 қабатты нысанның 1-ші қабатының құрылысы аяқталуға жақын. Балабақша 150 орынға арналған. Жеке кәсіпкер Б.Жандаулетов аудан басшысын қызу жұмыс барысымен таныстырып, биыл бүлдіршіндер жаңа ғимараттың игілігін көретінін жеткізді. Аудан әкімі бұл «Жеке инвестор есебінен салынған ең үлкен балабақшалардың бірі» екенін айтып, кәсіпкерге оң бағасын берді.
Кездесуде тұрғындар тарапынан ауылға денешынықтыру және сауықтыру кешенінің қажет екендігі айтылды. Аудан әкімі 3 ауылға спорт кешенін салу бойынша жоба әзірленгенін, оның біреуі Шижаға ауылына тиесілі болатындығын жеткізді.
Сазды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында аудан басшысы Серік Сағитжанұлы өңірдегі оң өзгерістерді айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ең алдымен аудан басшысы жоба құны 918,5 млн. теңге болатын өткен жылы басталған «Сазды елді мекеніне кіреберіс» автожолына асфальт төсеу жұмыстарының өз жалғасын тауып, бүгінде жолдың 17 шақырымына қиыршық тас, 5,5 шақырымына асфальт жабындысы төселіп жатқанын айтты. Мердігері – «Арал құрылысы» ЖШС-гі. Ауыл тұрғындары бұл жұмыстардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанына қуанышты екендіктерін айтып, ризашылықтарын жеткізді. Аудан әкімі мердігер мекемеге жолдың сапалы әрі барлық талапқа сай жасалуын қатаң түрде ескертіп, маусым айының аяғына дейін 10 шақырым жолды толық игеруді тапсырды. Жауапты сала басшыларына жол құрылысы жұмыстарының аяқталысымен аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, жол белгілерін орнату жұмыстарын жүргізуді жүктеді.
• Сондай-ақ Серік Сермағамбетов Бекбауыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады.
– «Бүгінде өздеріңізге белгілі 1 аптаның көлемі болды, «Бекбауыл – Ақирек» бағытындағы автомобиль жолының құрылысы басталып, республикалық бюджеттен 205 млн. теңге, облыстық бюджеттен 157,7 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыс басталды. Күзге дейін тағы 500 млн. теңге қаржы тартуды жоспарлап отырмыз. Биыл ауданымыздың бюджеті былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артып, 18,4 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бұл қаражаттың барлығы бірінші кезекте шешімін табу қажет мәселелерге жұмсалмақ. Сондай-ақ, жоспардан тыс Бекбауыл елді мекеніндегі тозығы жеткен электр желілерін жаңарту үшін құны 300 млн.-ға жуық қаржыны құрайтын жоба жасап, бүгінде мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алып жатырмыз,» – деп, аудан әкімі тұрғындармен алдағы бастамалармен бөлісті.
Аудан басшысы Серік Сағитжанұлы, аталған мәселе қатаң назарында екенін және қазіргі таңда құзырлы мекемелерден көл құжаттарының заңға сәйкестігін және аталған көлдің өз деңгейінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес жұмыс жасап жатқандығына зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен бірге, облыстық құзырлы органдарды тарта отырып, жұмысшы топ құрып, мәселенің анық-қанығын толық зерделеп тұрғындармен арнайы кездесу ұйымдастыруды тапсырды.
Мұнан соң, аудан әкімі «Бекбауыл – Ақирек» бағытындағы автомобиль жолының құрылысымен танысты. Жоба мердігері – «Строй Модуль Астана» ЖШС. Мердігер мекеме өкіліне жолды мерзімінде сапалы әрі талапқа сай аяқтауды қатаң түрде ескертілді.
Сапар барысында аудан басшысы «Жалтыр» көлінің бүгінгі жағдайын бағамдап, ауыл тұрғындарының егістік алқабымен танысты. Қазіргі таңда бекбауылдық 7 тұрғын облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 10 гектар жерге бау бақша және көкөніс өнімдерін орналастырған. Аудан әкімдігі тарапынан бұл егістік су насосымен қамтамасыз етілді.
• Ақбай халқымен өткен кездесуде аудан басшысы Серік Сермағамбетов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде баяндады.
– «Жылымыз жағымды жаңалықтармен басталды. Мемлекет басшы[1]сының тікелей қолдауымен республикалық бюджеттен биылғы жылға 1,4 млрд. қаржы қаралып, аудан орталығынан аспалы көпірдің құрылысы бастау алды. Оған қоса, қала аумағынан 100 пәтерлі тұрғын үйдің жобасы басталып, бұл үйлерді «Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары» санатындағы азаматтар иеленеді. Жылда осылай әртүрлі санатты қамтитын боламыз. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Жоба бүгінде 1 млрд. теңгеге жуық қаражатты құрап отыр.Жол мәселесі де кезең кезеңімен шешімін тауып келеді. Былтыр автожолдарға 2,8 млрд қаржы бөлінсе, биыл 7 млрд-қа жеткізіп жатырмыз. «Ауыл – Ел бесігі» жобасына енген ауылдарды дамытып қана қоймай, барлық елдімекендерді дамыту тұжырымдамасына сәйкес ең бірінші кезектегі жол, су жүйесі, газ тарту мәселелерін шешу үшін үлкен жобалар жүргізудеміз. Қазір электр желілерін жаңғыртуға баса мән беріп жатырмыз. Биыл Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Арал қаласы мен Жақсықылыш кентінде жаңа мектептің құрылысын бастайтын болсақ, оған қосымша Сапақ, Мергенсай ауылдарына да білім ордасын салу жоспарда тұр» – деді, Серік Сағитжанұлы.
Кездесуден соң аудан әкімі «Асхат» шаруа қожалығының егіс алқабы мен жеке кәсіпкер «С. Нұрмановтың» алма бағына барды. Бүгінде 5 гектар аумақты қамтыған шаруа қожалық егістікке бау бақша дақылдарының түрлі тұқымдарын орналастырған. Бау-бақша маусым айында өз жемісін беретін болады. Ал ауылдық округ маңынан 5 гектар жерге алма өсірген кәсіпкер, 6000 түп ағаш отырғызған. Алқап «Қаһар» каналы арқылы су ішеді.
• Арал ауданы әкімі Аманөткел ауылдық округінде болып, жаңадан бой көтеріп жатқан екі қабатты балабақшаның құрылысымен танысты. Өз қаражаты есебінен салып жатқан жеке кәсіпкерге құрылыс жұмыстарына сәттілік тілеп, елдімекенде жаңа бөбекжайдың қажеттілігі күн тәртібіндегі мәселенің бірі екенін атап өтті.
Одан соң, Серік Сағитжанұлы Аманөткел ауылының халқымен кездесіп, жыл баcынан бері атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды.
– «Ауданымызда соңғы екі жыл көлемінде жол жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автожолдарды жөндеуге бюджеттен 6,7 млрд. теңгеге жуық қаржы қаралып отыр. Өздеріңіздің ауылдарыңызда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 көшенің орташа жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, келесі жылдың өзіне құны 827 млн. теңгені құрайтын 14 көшені бастайтын боламыз. Бүгінде «Аманөткел-Жаңақұрылыс», Аққұлақ елді мекеніне кіре беріс автожолдарының, Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірді қайта жаңғырту жұмыстары өз жалғасын табуда. 2024 жылы жоба құны 453 млн. теңгеге электр бағаналарын толығымен ауыстыратын боламыз. Ретімен бәрі жасалады»-деді, аудан әкімі. Ауыл ақсақаладары ел үшін жасалып жатқан барша істерге ризашылығын білдіріп, Ақшатау ауылына мектеп салу мәселесін сұрады. Өз кезегінде аудан басшысы мектеп құрылысының жобасы дайын екенін және биыл бастап кетуге күш салатынын жеткізді.
Кездесуде Серік Сағитжанұлы ауылда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Қазалы Жолшы» ЖШС мекемесінің мердігеріне жолды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырып, су жиналатын жерлерді көтеріп салуға мән беру қажеттігін айтты.
Сапар барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарының егістік алқабы мен «Camel Pro» шаруа қожалығының 100 гектар егістігінің жұмыстарымен танысты. 15 гектар аумақты қамтитын елдімекен халқының алқабында бүгінде бау бақша және асқабақ, картоп өнімдері егіліп, жақын күндері бірінші жемісін бермек. Тұрғындар шамамен биыл 25-30 қап картоп жинайтынын айтты.
• Аудан басшысы Жаңақұрылыс елдімекеніндегі «Қуаныш» шаруа қожалығының егістік алқабына барды. Бүгінде 18 отбасы алғаш рет осы жерде бау-бақша, көкөніс өнімдерін орналастырып, егін шаруашылығына бет бұруда. Аудан әкімі диханшылардың мол өнім алуына сәттілік тіледі.
Жаңақұрылыс ауылының жергілікті халықпен кездесуі елдімекен кіре[1]берісіне орнатылған жаңа аркада өтті. Аудан басшысы ауылға келер алдында жол құрылысының барысын бағамдап келе жатқанын айтып, өңірдегі жаңа бастамаларға тоқталды.
– «Ауылшаруашылығын дамытудың 2022-2024 Жол картасы аясында 2022 жылы 700-ден аса аумақты аса аумаққа егін егілсе, биыл 1500 гектарға жеткізсек, келесі жылға 3000 гектарды игеруді жоспарлап отырмыз. Бұның барлығы өткен жылғы жайылымдық, шабындық және суармалы егістік жерлерді суландыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Теңізіміз толып жатыр. Былтыр “Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру” жұмыстарына жалпы құны 4,5 млрд теңге көзделсе, 2022 жылы 500 млн.ға жуық қаржы қаралып, биыл тағы 1,4 млрд. теңге бөлінбек. Бүгінде теңізге 1 млрд. 300 текше метр су түсуде. Жол мәселесі де кезеңімен шешілуде. «Аманөткел – Жаңақұрылыс» жолының 18 шақырымына құм төселіп, астыңғы қабаты көтеріліп жатса, «Қаратерең – Жаңақұрылыс» бағытындағы жолдың 9,4 шақырымына асфальт жабындысы төселді. Қалған 14,48 шақырымын толықтай аяқтау үшін жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, жақында ғана «Жаңақұрылыс-Бекарыстан би» жолының 14 шақырым бөлігінің құрылысын толық аяқтау үшін тиісті қаржысы бөлінді» – деп, биылғы жылға жоспарланған жаңалықтармен бөлісті.
Ауылдықтар ауыл көркін кіргізген қақпаның салынғанына ризашылықтарын білдіріп, жол мәселесінің өз шешімін тауып жатқанына оң бағасын берді. Сондай-ақ, тұрғындар жер жырту үшін селолық тұтыну кооперативіне трактор қажеттігін айтып, аудан басшысы бұл үшін тиісті мүмкіндіктерді қарастыратындығын жеткізді.
• Қаратерең халқымен жүздесу «Қаратерең 2022» өндірістік кооперативіндегі 15 гектарды қамтитын егістік алқабының маңында болды. Аудан басшысы егінмен айналысып жатқан тұрғындарға сәттілік тілеп, жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды баяндады. – «Егін шаруашылығының дамуы үшін ауданымызда судың көлемі жақсы жіберілуде. Осындай уақытта былтыр 5 куб су түссе, қазір 16 текше метрге көбеюде. Жолдың құрылысына осы жылы 7 млрдқа жуық қаржы тарттық. Биыл басталған жолдардың барлығы аяқталатын болады. «Қаратерең – Бөген» жолы да биыл халық игіліге берілетін болады»- деді, Серік Сағитжанұлы.
Мұнымен қоса аудан басшысы Қаратерең елдімекенін тірек елдімекендер қатарына енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын және келесі жылы елдімекендегі барлық электр бағаналарының толық өзгертілетіндігін атап өтті.
• Бөген елді мекенінің тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі Серік Сермағамбетов соңғы 4 ай көлемінде атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Өз сөзінде аудан басшысы ең ауқымды жұмыстар жол саласында атқарылып жатқанын айтты. Бүгінде «Бөген-Ақлақ» бағытындағы қалған 3,6 шақырым жолының қаражаты бөлінгенін және аяқтау үшін мердігер мекемеге кем-кетік жерлерін қайта қазып, су жиналатын жерлердің астын көтеріп, жолды толықтай сапалы жасауды тапсырғанын жеткізді. Сондай-ақ, «Бөген – Аманөткел» бағытындағы жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары бүгін басталғанын, келесі жылы аталған жолға күрделі жөндеу жүргізілетін атап өтті. «Биылғы жағымды жаңалық ауылдарыңызға салынатын дәрігерлік амбулаторияның қаржысы шешіліп, мердігері анықталуда. Жуық күндері құрылысы басталады» – деді. Бұған қоса, елдімекенде бүгінгі таңда ауылішілік көшелерге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы судың жағасындағы жұмыстарға да тоқталып, биыл «Қара[1]шалаң-1», «Қарашалаң-2» каналдарын қазу және Тұщы қөлі арқылы Сарытерең көліне су жіберу үшін 2 көзді тоспа салу жұмыстары басталатындығын жеткізді.
Сапар соңында аудан әкімі «Бөген 2016» өндірістік кооперативінің егістік алқабына барды. Тұрғындар бүгінде 30 гектардан астам аумаққа бау-бақша және көкөніс дақылдарын орналастырған. Өткен жылы бұл егістікті суару үшін аудан әкімдігі тарапынан су насосымен қамтамасыз етілді.
• Аудан басшысы Құланды ауылдық округінде болып, елдімекенде жүргізіліп жатқан ауыз су желісінің құрылыс жұмыстарын бағамдады.
Қазіргі таңда Құланды ауылдық округіне қарасты Ақбасты елді мекеніне ауыз су құбыры тартылуда. Өтпелі негізде жүзеге асырылатын жоба арқылы ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтылатын болады. Мердігер «Сапа Құрылыс» мекемесі.
Ауыл халқымен өткен кездесуде аудан басшысы теңізді өлкедегі жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде тоқталып өтті.
– «Өңірімізде атқарылып жатқан игі істердің нәтижесінде биылғы жылдың І тоқсанының өзінде ауданға 3,4 млрд теңге инвестиция тартылып, ауданның биылғы жылғы нақтыланған бюджеті 18,4 млрд теңгені құрап отыр. Биыл жол саласы мен электр желісінің құрылысына баса мән беріліп, ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Су мәселесі де күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Бүгінде Құландыда ауыз су құбыры тартылуда. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Оған қоса, Көктем елдімекенін де биыл су жүйесін іске қосатын болсақ, жақын арада бұл жұмыстар Тоқабай, Абай ауылдарында да бастау алмақ. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Сазды елдімекенін тұщытатын қоршауланған ауыз су жүйесіне қосу үшін жұмыстар жүргізіліп жатса, Ерімбетжаға елдімекенін сумен қамтамасыз ету үшін жоба сметалық құжаттары әзірленуде»- деді, Серік Сағитжанұлы.
Тұрғындар да өз тарапынан жергілікті жердегі шешімін табуды қажет ететін өзекті деген мәселелерді ортаға салды. Мәселен, Көкарал бөгеті тұсынан Ақбасты елдімекеніне дейін жол салу мәселесін айтты. Аудан басшысы, бірінші кезекте өткен жылы бастау алған жол құрылыстары аяқталып, одан соң сметалық құжаттамалары дайындалған жобалар бойынша жұмыс жасалатындығын түсіндірді. Дегенмен, 60 шқ қашықтықты құрайтын аталған жолдың 30 шақырымына жол салу үшін биыл құжаттандыру жүргізіліп, келесі жылы сметалық құжаттары жасалатынын жеткізді.
• Сапар одан әрі Беларан ауылдық округінде жалғасты. Аудан әкімі алдымен демеушілік есебінен құрылысы жүріп жатқан «Ұстаздар» аллеясының жұмысын көрді.
Беларандықтармен өткен кездесуде ауыл тұрғандары аяқ су мәселесін айтты. Аудан басшысы бүгінде «Жарас» су ұңғымасы арқылы аяқ су тарту жұмыстары үшін жоба сметалық құжаттары дайындалып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, елдімекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құны 21,2 млн. теңге болатын жобаны қаржыландыруға бюджеттік ұсыным берілгенін айтты.
Басқосуда Серік Сағитжанұлы «Ауыл Аманаты» бағдарламасының тиімділігіне тоқталып, аталмыш жоба арқылы түрлі кәсіп көзін бастауға болатынын жеткізді.
Сапар соңында аудан әкімі «Жарас» су ұңғымасына барып, аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жұмыстармен танысты.
• Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың халықпен кездесуі бүгін Жіңішкеқұм, Қарақұм және Атанши ауылдық округтерінде жалғасты.
Аудан басшысының сапары алдымен Жіңішкеқұм ауылдық округінде басталды. Тұрғындармен кездесу жаңадан қайта салынып жатқан № 248 орта мектебінің ғимаратының құрылысы жанында өтті. Кездесу барысында ауыл халқы нысанның қашан пайдалануға берелітіндігі туралы алаңдаушылықтарын жасырмады. Аудан әкімі өз кезегінде бұл мектептің құрылысы облыс әкімінің тікелей назарында екенін, білім нысанын өз қаражатынан жүргізіп жатқан кәсіпкерге мектептің ғимаратын сапалы әрі уақытылы биылғы жаңа оқу жылына дейін аяқтау үшін жеделдету тапсырылғанын жеткізді. Айта кетейік, өткен жылы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тікелей тапсырмасымен Тоқабай елдімекенінде орналасқан апатты жағдайдағы №248 орта мектеп мердігер есебінен бұзылып, қайта 100 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жұмыстары басталған еді. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғалары қаланып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Одан соң тұрғындар су мәселесін де ортаға салды. Серік Сағитжанұлы бүгінде «Абай-Тоқабай» елдімекендерін орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу үшін 2022 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоба-сметалық құжаттамаға қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп, алдын ала есеп бойынша жоба құны 3,7 млрд.тан 7,1 млрд. теңгеге көбейіп, қайта жасақталғанын және бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамада тұрғанын айтты. Дегенмен, ауыз су желісін жүргізу үшін өткен жылы 100 млн-ға жуық қаржыға жұмыстары басталып, 6,4 шақырымына қажетті құрал-жабдықтар алынғанын, бүгінде аталған жұмыстарды жалғастыру үшін биылға қаралған 864 млн. теңге қаржысына әзірге 26 шақырымды құрайтын яғни қоса алғанда 32 шақырымдық құрылыс жұмыстарын мердігер маусым айында жүргізетінін жеткізді. Оған қоса, Ерімбетжаға тұсынан қосылу нүктесін қалдырып, жобасы жасалатынын да атап өтті. Жоба республикалық бюджет есебінен қаржыландыруда.
• Одан әрі Ерімбетжаға елдімекеніндегі халықпен жүздесуде аудан басшысы: «Ауданымызда үлкен жобалар басталуда. Қала ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санатындағы жандарға арнап 100 пәтерлі тұрғын үй салу жұмыстарын бастап жатырмыз. Жұмыстың көп бөлігі жол саласында жүргізілуде. Бюджет қаражатының 65 пайызы инфрақұрылымдық жүйелерге арналған. Қаланың сырт аумағындағы ауыз су тарту, электр желілерін және газ тарту жұмыстарын жүргізіп, жеке тұр ғын үй салушыларға жер телімдерін дайындап жатырмыз. Биылдың өзінде 1190 адамға тұрғын үй құрылысы үшін жер табыстаймыз. Оған қоса, қосымша алынған қаржыға сәйкес қаладағы № 8 мөлтек ауданы мен Жақсықылыш кентінде де аталған жұмыстар жүргізілетін болады. Электр желісі өте күрделі мәселенің бірі. Өңірдің 80 пайызға жуық электр желісінің тозығы жеткен. Дегенмен, біз бірінші кезекте жаңғыртуды қажет ететін 6 елдімекенді іріктеп, оның ішіне Қарақұм елдімекенін де қосып, жобасын ұсындық. Қаржыландыру үшін тиісті жұмыстар жасалуда. Жол саласында биыл 7 млрд.қа жуық қаржыға 30-дан астам жоба жүзеге асуда. Оның екеуі келесі жылға өтпелі. Қалғанының барлығы биыл аяқталатын болады. Оның ішінде «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» бағытындағы қалған 6,5 шақырым бөлігін толық аяқтау үшін жоба-сметалық құжатын жасап, облыс басшысының қолдауымен қаржысы биыл бөлінбек. Ерімбетжаға елдімекенін аудандық маңызы бар жолдардың ішіне енгіздік. Алдағы уақытта ауылға кіретін 18 шақырымға жол салу үшін жоба-сметалық құжатын жасайтын боламыз. Оған қоса, бұл жұмыстар «Көкарал-Қаратерең», «Шөмішкөл-Бекарыстан би» бағытындағы жолдарғада жүргізілмек. Ауыз су Абай бағытына қарай жақын күндері басталады. Биыл Ақбасты, Көктем елдімекендерін ауыз су желісіне қоссақ, орталықтандырылған су жүйесіне қосылмайтын Құланды және Тастүбек ауылдарына су тұщытатын қондырғы орнатамыз. Жарықтандыру жұмыстарына байланысты, ауылдағы көшелерді жарықтандыру үшін аудандық бюджеттен қаржы қаралған. Мердігері анықталса, маусым айында жұмыстары жүгізілетін болады. Жалпы біздің аудан облыста бюджет көлемі бойынша Қызылорда қаласынан кейін екінші орында. Бюджет бүгінде 18,5 млрд.жуық қаржыны құрап отыр. Әлеуметтік салаларға да баса мән берілуде. Биыл 2 дәрігерлік амбулаторияның және «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2 мектептің құрылысын бастайтын боламыз»- деп, аудан әкімі өңірдегі жаңа бастамаларды баяндады.
Ауыл тұрғындары барша игі істерге қолдау білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді.
Аудан басшысының сапары Атанши ауылдық округінде тәмамдалды. Тұрғындармен кездесу «Еркесұлу» жеке бөбекжай балабақшасының жанында өтті. Серік Сағитжанұлы ауыл тұрғындарына алдағы жоспарлармен бөлісе отырып, жаңа балабақшаның бүгінгі тынысымен танысты.
Елдімекендерде тұрғындармен кездесуде аудан әкімі кәсіп бастаймын деген азаматтарға тиісті қолдаулар мен қажетті сүйемелдеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.
Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар