«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген негізгі жобалар партиялық бақылауға алынып, партиялық бекеттер орнатылған. Қызылорда қаласында қазіргі таңда дәл осындай 4 нысанда партиялық бақылау бекеті жұмыс жасайды. Солардың бірі – өңіріміз үшін маңызы бар Қызылорда су торабы.Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов, облыстық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы және қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері стратегиялық нысанның құрылыс жұмыстарнына бақылау жасады.Су торабының құрылысы 2020 жылы күз мезгілінде басталды. Смета бойынша қаржы көлемі 2 миллиард 600 миллион теңге. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Су торабының екі арнасы жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, алдағы уақытта су торабының автокөлік көпірін нығайту жұмыстары жүргізілмек. Жоба осы жылдың төртінші тоқсанына дейін аяқталып, толық пайдалануға берілмек.Зерделеу жұмыстары барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов партиялық бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты бөлінген қаржының мақсатты игерілуі мен құрылыстың сапалы,мерзімінде аяқталуын пысықтау екенін айтты.