Табиғат ананың бусанып, тіршілік тірілетін жаңару айын қазалылықтар сән-салтанатымен қарсы алуда. Қазалы ауданындағы орталық алаңда ақшаңқан 15 киіз үй тігіліп, ұлт[1]тық салт-дәстүрді дәріп[1]тейтін шаралар, спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Мереке нышаны саналатын наурыз көже әзірленіп, әсерлі ән мен жыр төгілді.

Ұлыстың ұлы күнінде аудан әкімі Мұхтар Ораз[1]баев елмен бірге Наурыз тойын тойлап, ақжарма тілегін жеткізді.

– «Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың бір-біріне деген риясыз ақ көңіліне, татулығы мен ынтымақ[1]ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелтетін ұлы күн. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып, еліміздің қуаты арта берсін. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», – деді аудан басшысы.

Ұлттық мерекеге орай құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім, спорт салаларының ардагерлері “Қазалы ауданының Құрметті азаматы” атанды.

Мерекеге жиналған тұрғындар ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты. Жергілікті өнерпаздар мерекені думанға бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, алаңда қайырымдылық шатыры тігіліп, мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған