Қазалы орталығы Әйтеке би кентінен 14 шақырым қашықтықта жатқан Абай ауылында дәрігерлік амбулаторияның іргетасы қаланды.

Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсіміне аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев және ауыл ақсақалдары қатысты.

Салтанатты шарада аудан басшысы бой көтеріп жатқан нысанмен ауыл тұрғындарын құттықтап, халық игілігі үшін салынатын денсаулық нысанының сапалы, әрі уақытылы аяқталуы қажеттігін айтты.

Сондай-ақ жауапты бөлімге құрылысты орындау барысын ұдайы бақылауда ұстау керектігін тапсырды. Жалпы сомасы 400 млн. теңгеге жуық қаржы құрайтын бұл жобаны мердігер мекеме – «Аман-Құрылыс» ЖШС атқаруда.

Биыл Қазалы ауданына қарасты 3 ауылда дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. Ол қатарда Бозкөл, Кәукей және Абай ауылдары бар.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Абай елді мекеніне орамішілік газ желілерін жүргізу құрылысымен танысты.

Жоба құны 357,735 млн.теңге болатын құрылысқа жауапты мердігер – «Ремстрой» ЖШС.

–Бұған дейін Қазалы қаласы, Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов және Басықара ауылдарында қызу жұмыс жүріп, тұрғындар қосылған табиғи газдың игілігін көруде. Сәтін салып, мұндай қуанышты күнге Абай ауылының тұрғындары да жететін болады. Ол үшін Сіздер жұмыстарыңызға асқан жауапкершілікпен қарап, сапасы мен уақытын да қаперден шығармауларыңыз қажет, – деген аудан басшысы жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Шыны керек биыл Сарыкөл ауылдық округінің жұрты үшін жағымды жаңалықтар аз емес. Олай дейтініміз, елді мекенде газ құрылысынан бөлек орталық саябақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Бас қақпасынан бастап ажарланатын саябақта сахна құрылып, ойын және спорт алаңы салынып, түнгі жарықшамдары жарқырайтын болады.

Бас мердігер – «Данияр 97» ЖШС мамандарына құрылыстың сапасына мән беріп, уақытылы аяқтауды тапсырған аудан басшысы орталық саябақ тікелей бақылауында болатынын айтты.

Биыл Қазалы қаласындағы 15 көше асфальтталатын болады. Соның бірі – Түркебаев көшесі.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласына арнайы барып, жолдың құрылысымен танысты.

Бірінші кезекте сапасына басымдық беріп, уақытында аяқтауды айтқан аудан басшысы мердігер мекеме «Қыран» ЖШС қызметкерлеріне жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ, кейбір кемшін тұстарды қатаң сынға алып, қайта қалпына келтіруді жүктеді.

Одан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа жұмыстың күндіз-түні қатаң бақылауда болуын айтты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған