Әкімдіктегі кезекті жиын әдеттегідей жасалған жұмыстарды баяндап, белгілі бір тапсырмаларды берумен ғана шектелмеді. Жиын барысы бүгінге дейін жасалғаннан бөлек, жасалмаған, нақтырағы тапсырылса да нәтижесі жоқ тапсырмаларға арналды.

Осыған дейін де «қатаң сөгіс» алып, бүгінге дейін 12 хаттамалық тапсырманы орындамағаны үшін Қазалы ауданының әкіміне де «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілді. Аталған ауданға қарасты «Ауыл – ел бесігі» жобасымен Әйтеке би кентіндегі көшеге жүргізілетін орташа жөндеу жұмысы, кенттегі 250 орындық мектеп пен аудан орталығындағы 600 орындық мәдениет үйінің құрылысы сөз болды.

Жиында әкімнен сөз естігендердің қатарында өзге де сала басшылары болды. Облыс басшысы әсіресе мемлекеттік жобалардың жақсы көрсеткіште орындалуына қатысты қатаң тапсырма берді. Тіпті, бұл жиында ауданға қарасты мекемелердің басшылары төбе көрсетпегені үшін Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Жаңақорған аудандарының әкімдері мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына «сөгіс» жарияланды. Ал облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауылшаруашылығы басқарма басшыларына «қатаң сөгіс» тәртіптік жазасы берілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған