Бүгін партияның қалалық филиалының «Шипагер» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа жолдауын талқылады. Басқосуда партияның облыстық филиалының және қалалық филиалының депутаттық фракция мүшелері қатысты. Жиында партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мусаева: Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» партиялық жобаларына тоқталды. Аталмыш жобалар қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізіп отыр. Сондықтанда, алдағы кезеңдерде Үкіметке «Amanat» партиясымен бірлесіп, жобалардың ауқымын кеңейтуді тапсырды. Мысалы, биылғы жылы іске асырыла бастаған «Қарызсыз қоғам»жобасының негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық бере¬шегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру болып табылады. Еліміздің 8 өңірінде – Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Сол¬түстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарында осы кезге дейін әрқайсысы 10 және одан да көп несие алған 20 мыңнан астам азаматтардың қаржылық сауатын арттырып, аз ғана уақыттың ішінде халыққа қажеттілігін дәлелдеді,-деді.
Кездесуде сөз алған депутаттық фракция мүшесі Мейрамбек Есжанов: Жолдау елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды, әрі маңызды Президент реформаларының заңды жалғасы екені даусыз. Мемлекет басшысы атап өткендей «экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек. Бұл – принципті мәселе». Сондықтан да, Сіздерді Жолдауды жүзеге асыру үшін бүкіл күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын,-деді.
#AMANAT