Сайлаудың боладысы да, болғаны да, болғаннан кейінгісі де қызық.

Алғашқыда үміт көп, ортасында талас бар, соңында өкпе-наз. Сайлау қорытындылары жарияланып жатыр. Ақмола халқы “Amanat” партиясына 69,51% ең көп дауыс бергендер екен. Абай 67,8%, Павлодар 67,33%, Ұлытау 63,94%, Қостанай 63,91%, Шығыс Қазақстан 58,4%, Алматы 55,03%, содан кейін барып Қызылорда 54,84%. Ал Астана, Алматы, Шымкент қалаларын қоспағанда аймақтар арасында билік партиясына дауыс беруден 8-ші орында екенбіз.

Әдетте қайсыбір сайлауда қайсыбір мәселеде болмасын көш басында жүргенді ұнататын қызылордалықтардың бұл жолы билік партиясына дауыс беруден алғашқы бестіктен көрінбеуі әр алуан жорамалдар жасауға мәжбүрлейді.

Әдетте Қызылорда ауылды аймақ деп жатамыз. Соған қарай “Ауылға” ықыласы ауып кеткен болар деп, “Ауылды” қарадық. Көп дауыс бергендердің көш басында жамбылдықтар тұр екен. Одан кейін Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жетісу, Атырау. Содан кейін алтыншы болып Қызылорда 12,48% дауыс беріппіз.

Қай кезде де жаңаға құмар әдетіміз, содан да жұрт мақтаған “Respublica-ны” жақтаған болармыз деп оған берілген дауыс санын сараладық. Атырау, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, содан кейін барып Қызылорда 8,04% “Respublica-ны” жақтаппыз.

“Қазақстан халық партиясы” атын жаңалағанмен ел ішінде бәрібір “коммунистер”. Оның қызылордалықтардан көңілі қалды ма, әлде қызылордалықтар оған қызықпады ма қалай болғанда да халық партиясы дегенменен, аржағынан бәрібір коммунистер көрініп тұрды ма оларға дауыс беруден елдің ең соңындамыз. 3.11%.

Жаңадан құрылған партияның тағы бірі “Байтаққа” дауыс беруден Маңғыстау, Ақтөбеден кейінгі үшінші, 3,91% екенбіз.

“Ақжол” партиясына дауыс беруден алдымызға Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Жетісу, содан кейін барып 8,47%-бен жайғасыппыз.

ЖСДП партиясынан Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ұлытаудан кейін 5,19%-бен төртінші орындамыз.

Бәріне қарсылар көшін Ақтөбе бастап тұр. Содан кейін Маңғыстау, Алматы, Абай, Ақмола, Қызылорда.

Байқап отырғаныңыздай, біреуден ілгері, біреуден кейін орта кеудеде келеміз. Маңғыстаулықтар “Amanat-қа” ең аз дауыс (30,75%) берген өлке болып отыр. Павлодарлықтар “Ауылға”, ұлытаулықтар “Respublica-ға”, қызылордалықтар коммунистерге, абайлықтар “Байтаққа”, ақмолалықтар “Ақжолға”, ЖДСП-ға ең төмен дауыс берді. Қостанайда бәріне қарсымыз аз. Керісінше бәріне қарсылар Ақтөбеде көп. “Amanat-ты” жақсы көретіндердің көшін Ақмола бастап тұр. “Ауылға” жамбылдықтардың ықыласы ауса, атыраулықтар мен жетісулықтар “Respublica -ға” құлап тұр. “Халық”  партиясын да жақсы көретіндер Павлодарда көп екен. Маңғыстау “Байтаққа”, Солтүстік Қазақстан “Ақжолға”, ЖСДП-ға да маңғыстаулықтар көп дауыс берген.

Облыстар“Аманат”АуылРеспубликаКоммунистікБайтақ“Ақжол”ЖДСПБарлығына қарсы
Ақмола69,516,575,256,142,763,742,034,00
Ақтөбе44,9515,076,535,274,0413,645,524,98
Алматы55,038,948,356,743,447,645,144,72
Атырау44,3012,8218,824,651,9010,003,913,60
Шығыс Қазақстан  58,46  15,97  7,53  3,72  0,89  5,24  4,36  3,83
Жамбыл44,8917,5812,444,051,8912,083,843,23
Жетісу44,6713,3118,823,822,309,104,013,97
Батыс Қазақстан  49,85  10,34  6,19?  8,14  0,90  13,38  5,63  5,07
Қарағанды52,156,4218,267,131,586,854,103,51
Қостанай63,9110,666,154,051,337,294,542,07
Қызылорда54,8412,488,043,113,968,475,193,91
Маңғыстау30,7510,5115,896,626,1714,6610,544,86
Павлодар67,333,384,2812,021,624,893,542,94
Солтүстік Қазақстан  52,3  8,04  3,66  6,73  3,09  19,69  2,90  3,76
Ұлытау63,948,442,837,411,237,155,363,64
Абай67,815,976,096,660,613,864,844,10

P.S. Партиялық тізім бойынша “Аманаттан” Мәжіліске бөлінген 40 орынның біреуі Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаевқа бұйырды. Мәжіліске барған басқа партиялар тізімінде қызылордалықтар жоқ.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған