«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті. Алдымен партияның қалалық филиалы жанындағы Саяси кеңес құрамы айқындалып, кейін партияның қалалық филиалы жанындағы Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, Бюро құрамына өзгерістер енгізілді.Оның ішінде, Саяси кеңес Бюросы құрамына партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұсаева Гүлшат Исақызы мен «Jastar ruhy» Жастар Қанатының белсендісі Али Кеңесұлы ұсынылып, бір ауыздан қолдау тапты.

Жиын барысында партияның қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаев «AMANAT» партиясының алға қойған мақсаты мен міндеті жайын тілге тиек етті.-

Партияның қызметкерлері әрбір азаматтардың, партия мүшелерінің өзекті мәселелерін шешуге ықпал жасап, қолдау көрсету қажет. Партияның сайлауалды бағдарламасы да азаматтардың жайлы өмір сүруіне, олардың қоғамдық жұмысқа белсене араласуына бағытталған,-деді партияның қалалық филиалының Төрағасы.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған